Afrikaans
Akan
Albanian
Amharic
Arabic
Armenian
Azerbaijani
Basque
Belarusian
Bemba
Bengali
Bihari
Bosnian
Breton
Bulgarian
Cambodian
Catalan
Cebuano
Cherokee
Chichewa
Chinese (Simplified)
Chinese (Traditional)
Corsican
Croatian
Czech
Danish
Dutch
English
Esperanto
Estonian
Ewe
Faroese
Filipino
Finnish
French
Frisian
Ga
Galician
Georgian
Greek
Guarani
Gujarati
Haitian Creole
Hausa
Hawaiian
Hebrew
Hindi
Hmong
Hungarian
Icelandic
Igbo
Indonesian
Interlingua
Irish
Italian
Japanese
Javanese
Kannada
Kazakh
Kinyarwanda
Kirundi
Kongo
Korean
Krio (Sierra Leone)
Kurdish
Kurdish (Soranî)
Kyrgyz
Laothian
Latin
Latvian
Lingala
Lithuanian
Lozi
Luganda
Luo
Luxembourgish
Macedonian
Malagasy
Malay
Malayalam
Maltese
Maori
Marathi
Mauritian Creole
Moldavian
Mongolian
Myanmar (Burmese)
Montenegrin
Nepali
Nigerian Pidgin
Northern Sotho
Norwegian
Norwegian (Nynorsk)
Occitan
Oriya
Oromo
Pashto
Persian
Polish
Portuguese (Brazil)
Portuguese (Portugal)
Punjabi
Quechua
Romanian
Romansh
Runyakitara
Russian
Samoan
Scots Gaelic
Serbian
Serbo-Croatian
Sesotho
Setswana
Seychellois Creole
Shona
Sindhi
Sinhalese
Slovak
Slovenian
Somali
Spanish (Latin American)
Sundanese
Swahili
Swedish
Tajik
Tamil
Tatar
Telugu
Thai
Tigrinya
Tonga
Tshiluba
Tumbuka
Turkish
Turkmen
Twi
Uighur
Ukrainian
Urdu
Uzbek
Vietnamese
Welsh
Wolof
Xhosa
Yiddish
Yoruba
Zulu
Баршаңызға сәлем! Бұл "Теледидар қаһарманы",
сіздермен бірге оның жүргізушісі – Панпан!
Бүгін әлемді апаттан құтқарған қаһармандар жайлы айтатын боламын.
Желаяқтар жайлы!
Ғаламшарды жоймақ болған Лео тайпасы
Желаяқтарға қанқұйлық жекпе-жекте күш сынасуды ұсынды.
Бастапқыда Желаяқтар шайқастарда жеңілсе де, берілуді қаламады.
Желаяқтар бар күштерімен шайқасты, дегендеріне жеткен соң...
Лео тайпасын толық қуып шықты.
Олардан мықты кім бар?
Ешкім! Қазір Желаяқтар чемпионатқа дайындалып жатқанда, олармен кездесемін.
Қатты толқып тұрмын!
Әрі қарай тамашалап, жазылыңыздар. Кездескенше. Сау болыңдар.
ЛОНКИ ҰЛЫ ӨТІРІКШІ
Достар, не істейміз?
Желаяқтар чемпионаты 2 күннен соң.
Ең болмаса, дайынбыз ба?
Қарсы алыңдар – жаңа, жетілдірілген Лонки ханзада!
Таққа отыруға үміткерлігің 50 орыннан 49-орынға жылжыды ма?
Не дедің?
Мен сияқты ұлы қаһарман сондай төменгі орында болады деймісің?
Жарайды, онда нешінші орындасың?
Мен... бірінші орындамын.
- Солай шығар. - Бауырым, ақыры қолыңнан келіпті!
Иә, қолымнан келді!
Ұлы Лонки бәріңді ресми тәж кигізу рәсіміне шақырады.
- Қызық болатын болды. - Керемет, керемет!
- Жануарлар, шошып қалдыңдар ма? - Сен екенсің ғой.
Үйіңе ұшып кеттің екен деп ойласам.
Барлық Лео атынан сендермен жарысуға келдім.
Тоқта. Сен Леоның атынан шығасың ба?
Біртүрлі түріңмен Манустың ашуына тиіп жүрдің.
Менің де ашуыма тиіп тұрсың.
Негізі Манус егіз сыңарым Рекске шүйліге береді.
- Тұра тұр, сен Рекс емессің бе? - Жоқ, мен Макспын.
Танысқаныма қуаныштымын.
Жарайды, қош келдің, Рекс. Яғни Макс.
- Өзің білетін шығарсың, мен мұнда бас… - Ал сен Мио сияқтысың.
Няна мен Лео тайпалары күш біріктірсе, бәрін жас баланы жеңгендей жеңер едік.
Сонымен, Мио, маған қосыласың ба?
- Жоқ. - Өкінішті.
Назар аударыңдар,
Желаяқтар чемпионатының қатысушыларына хабарландыру.
Сағат пен шығыршық жиынтықтарын үлестіруді бастаймыз.
Оларды ойын барысында пайдалануға болады.
Қызық, ішінде не бар екен?
"Дрон", "Машина" шығыршығы,
"Кез келген сұрақ қой" және "Қаһарман" шығыршығы.
Неткен керемет!
Мәссаған, түрі "Күш" шығыршығынан аумайды екен.
"Қаһарман" шығыршығы ма? Ол дәл маған арналған!
Тоқта, Лонки!
Шығыршықтың бәрін бір рет қана пайдалануға болады. Асықпа.
- Әр нәрсенің өз уақыты бар. - Не?
Бірақ қатты көргім келіп тұр.
- Жақсы ұйықтаңдар. - Мио.
Тайпаларымыз арасында түсінбеушілік болмау үшін
халқың жайлы көбірек білгім келеді.
- Кел, отыршы, өзің жайлы айтып бер. - Шаршап тұрмын.
Қайырлы түн.
Жарайды, ұйықтайтын уақыт болды.
Тоқтаңдар! Күте тұрыңдар!
- Әлемді құтқарған ғажап қаһармандар! - Бұл кім? Мұнда қалай келдің?
Сіздердің табынушыңызбын!
Алып Лонкидің табынушысысың ба? Менімен суретке түсуіңе болады.
Немесе бақыттан төбең көкке жетіп, Попомен суретке түсесің бе?
Жоқ, рақмет.
Мен сіздерге аса маңызды құпия ақпаратты айтуға келдім.
Аса маңызды ма?
- Қандай, қандай? - Мәселе неде екенін айт!
Супер белбеу жайлы аңызды естіп пе едіңдер?
Супер белбеу дейсің бе?
Менің тайпамның аңызы бойынша,
супер белбеуі бар жан бас әмірші болады.
Патшалардың патшасы!
- Иә. - Иә.
Бірақ жақында супер белбеу мен
оның ғаламат күші жайлы аңыз рас екенін білдім.
Ол қайда екенін сіздерге айтуға келдім.
Оның күшін елестетіп көріңдерші!
- Рақмет. - Рақмет.
Бір жерасты қоймасында 7 түрлі контейнерде 7 кейс бар.
Тек біреуінде ғана алтын кілт жатыр, ол супер белбеу жатқан құлыпты ашады.
- Сонда супер белбеу біреу ғана ма? - Дәл солай.
2 Күн болуы мүмкін емес,
Жоғарғы патша формуласы да біреу ғана!
- Супер белбеу. - Не?
- Бөлісуге де болмай ма? Әділетсіз! - Панпан.
Осындай жол жүріп өткеніңе рақмет.
Бірақ әлемді Жоғарғы патша басқарғанын қаламаймыз.
Біз бірге әрекет етеміз, бақытты тепе-тең әлем жарату үшін.
Себебі біз доспыз.
Иә, түсінемін.
Онда ойындарың басталған кезде кездесетін шығармыз.
Тамаша. Жолың болсын.
Рақмет.
Ертең бөлек жаттығатын болсақ, ойында кездесеміз.
- Қайырлы түн, бауырым. - Қайырлы түн, бауырым.
Мио, тәтті ұйықта.
Баршаңа сәлем.
Жаңа ғана Желаяқтармен кездестім.
Достықтары өте мықты екен.
Әлде олай емес пе?
Достықтары патша, Жоғарғы әмірші атағынан да маңызды ма?
Ертең тікелей эфир кезінде білеміз.
Менімен бірге болыңдар, сонда не таңдағандарын білесіздер.
Лүпіл қойып, жазылуды ұмытпаңыздар.
Кездескенше. Сау болыңдар.
Бұдан жақсы массаж креслосын ойлап табу мүмкін емес, достар.
Әкем!
Әке, қалың қалай?
Чемпионат 2 күннен соң басталады.
Бірақ ол күні ханзадаға тәж кигізу рәсімі өтеді ғой!
Ал сен қамалда емессің. Ақылға қонымсыз!
- Тұтқаны қоямын. - Тоқта, әке!
Жоғары мәртебелім, егер жеңсем, тәж киетін ханзада мен болайын.
Сен бір нәрсе жеңуші ме едің? Тұтқаны қоямын.
Әке? Әке, әке!
Тым болмаса, бір рет мені лайық көрсе ғой.
Достарымның бәріне жаңа патша болатынымды айттым, ал ол болса...
Әке, сен маған сенбейсің!
Бәрі әлі ұйықтап жатыр.
Кешіріңдер, достар,
бірақ әкемнен тақты тартып алу үшін бәріне дайынмын.
Ал бұл үшін маған супер белбеу керек.
Патша болған кезде, сендерді ұмытпаймын.
Бір нәрсе дұрыс емес.
Неге менің қалқаным... Жарайды, бола берсін.
Супер белбеуді тек мен іздеймін ғой.
Жағдай осылай болған екен, супер белбеуді тауып, Жоғарғы патша боламын.
Мио, өтінемін, көмектесуге рұқсат ет.
Күш біріктіріп, әлемге ұлы тайпаларымыз бірге әрекет ете алатынын көрсетейік.
Айтып тұрмын ғой, Мио.
Мұнда не ұмыттыңдар?
Супер белбеуді іздеп келдіңдер ме?
Әуре болма, супер белбеу менікі болады.
Оны көре жатармыз!
Қалай дәтің барады? Кешегі әңгіме ше?
Супер белбеудің күшіне қарсы тұра алмадың ба?
Ал мен бәріңді алдадым деп уайымдап жүрсем.
Лонки ешқашан өзін алдауға жол бермейді.
Менде де "Дрон" шығыршығы бар.
Неткен керемет.
Ол сағат арқылы басқарылады, дұрыс па?
Ал кеттік.
Қане, қане. Айттым ғой сендерге.
Достықтары сыннан өтпеді.
Біздің әлемде желаяқ желаяқты қасқырдай жеп қояды!
О, керемет, кристалл шар! Көп рақмет.
Лиу! Саған супер белбеудің қажеті не?
Ол зұлымның қолына түссе, әлемде аласапыран басталуы мүмкін.
Супер белбеуді тауып, оны бәрінен жасырып қоямын.
Оны ешкім таппайтын супер құпия қоймада ма?
Болмайды. Одан да оны сенімді біреуге беру керек.
Мысалы, Ұлы Лонкиге.
Басқасы басқа, саған бермеспін!
Маған сенбейсің бе?
Жанға батады екен.
Епті екен.
Мынадан қашып көр!
Жетер!
Сау бол.
Уайымдама, достым. Белбеу сенімді жанда болады.
Ұлы Лонки ханзаданың қолында.
Мен карталарды басқарамын! Отты айдаһар картасы!
Ал саған супер белбеу не үшін?
Ағаш қаласын жақсы көремін, бірақ мұхитты сағынып жүрмін.
Патша болсам, ыстық жағажайда қала тұрғызамын, сол кезде...
Рақмет, Мио!
Ойнағың келе ме? Найзағай картасы!
Қорықпа.
Мио…
- Сен үшін мен... - Қашып кетер едім.
Кешір.
Керемет шабуыл, Мио.
Бірақ бұл белбеуді қайтесің, соны түсіндірші.
Мио, белбеу қастандықпен байланысты деген хабарлама алдық.
Түсіндім. Ертең таңертең оны іздеуге аттанамын.
Тапқан бойда, қастандықты кім ұйымдастырғанын анықтаймын.
Көп ойдың арасында адасып кеттің бе?
Белбеуге қатысты күдіктеріңді айтудың қажеті жоқ.
Бәрін түріңнен көріп тұрмын.
Сенің жүрегің әділдік үшін күресуде.
Серіктесім болуға лайықсың.
- Олай емес. - Тамаша.
Мына ойыншы өте ақылды.
Бірақ ақылды көрермендерім мұны онсыз да түсінді.
Алтын кілт 7 кейстің қайсысында жатқанын ешкім білмейді.
Дәл солай.
Кілтті бірінші болып келген алмайды, бұл кепіл болмайды.
Демек, контейнерлерге бірінші болып жету үшін шығыршықтарды жұмсау ақымақтық.
Бұл не білдіруі мүмкін?
Сендер сонша жақсы көретін қаһарман желаяқтар,
шын мәнінде ақымақтар мен бейбақтар.
Сонымен...
Желаяқтардың бәрі супер белбеуді іздеуге кірісті.
Қызық болып келеді.
Менімен бірге қалыңдар, көп ұзамай ораламын. Сау болыңдар.
Тоқта. Мұнда неге ешкім жоқ?
Попо?
Куга?
Лиу?
Лонки?
Масқара!
Супер белбеуді іздеуге менсіз аттанды!
Ешкімге керек емеспін.
Ұлы Лонки бірінші болып жетті!
Өтінемін, төменгі қатарда жасыл жанып тұрған контейнердің бірін таңдаңыз.
Алма кетті домалап... Сені таңдаймын.
Міне, мынау.
Түк болмады ғой. Сынып қалған ба?
Кейстің кілтін супер белбеу қорғаушысы ескі алаңда табыстайды.
Не? Бәрін сонша қиындатудың қажеті не?
Мына затты үйге дейін қалай апарамын?
Кейсті сағатпен синхрондаңыз,
сонда ол автоматты түрде артыңыздан жүріп отырады.
Жоғары технологиялар.
Алға! Супер белбеу сені алуға келе жатырмын!
Тоқта.
Алтын кілт бұл кейсте болмаса ше?
Жетеуін де алып кетейін.
Бір ғана контейнерді таңдауға болады.
- Таңдауды өзгертуге болмайды. - Мүмкін емес.
Ертерек айтуға болмас па еді?
Мио, ақыры жеттік.
Өтінемін, төменгі қатарда жасыл жанып тұрған 6 контейнердің бірін таңдаңыз.
Мио, мен тілеймін...
Жоғарғы патшайым болғаныңды.
Сол себепті саған көмектесу үшін бәрін істеймін.
- Мазамды алмашы. - Жақсы.
Рақмет, Рекс!
Менің атым Рекс емес, мен Макспын.
Тоқта!
Сәлем, бауырым.
Қайда жүгіріп бара жатқаныңа қарасаңшы!
Бұған уақыт жоқ! Кейсті алып кету керек.
Мына ұры өте жылдам жүгіреді екен.
Мио!
Мен үшін уайымдама! Кейсімді тартып аламын да, сені қуып жетемін.
Баршаңа сәлем.
Бірнеше сәттен кейін қымбатты желаяқтарымыз
кілт қорғаушысын іздеп осында келеді.
Олардың міндеті – мына өңсіз пулулу арасынан кілт қорғаушысын анықтау.
Мұндағы пулулулар аз сияқты көрінбей ме?
Тым оңай болатын сияқты.
Оңай дегеніміз қызықсыз,
сондықтан маған кристалл шарлар жіберсеңдер,
мұның бәрін әлдеқайда қызықты етемін.
Көп рақмет. Алақай, алақай.
Ал енді...
Мынаған не дейсіңдер?
Енді қорғаушыны табу қиын болады.
Желаяқтар белбеудің күннің соңына дейін таба ала ма?
Ауыспаңдар, Панпанмен бірге білесіңдер.
Қап, біреу келе жатыр.
Мұнда соншама пулулу не істеп жүр?
Мұндай топтың арасынан қорғаушыны қалай табамын?
Кешіріңдер, белбеу қорғаушысы кім?
Белбеу қорғаушысы!
Қолыңды көтер. Көтерсеңші.
Көмектессеңдер жақсы болар еді.
Сатқын! Қалай ғана маған осындай қастық жасадың?
Мұның не, Лонки?
Тұра тұршы.
Бәрін түсінемін, бірақ мұның бәрін екеуіміз үшін істедім.
Бірақ қазір екеуімізді де жеңімпаз ететін стратегия ойлап таптым.
Жоқ! Сатқындығыңа әбден тойдым!
Алдап тұрғаным жоқ.
Менде 2 кейс бар.
Одақтас болсақ, жеңу мүмкіндігіміз арта түседі.
- Одақтас дейсің бе? - Иә.
Супер белбеуді бірге іздейміз.
Соңында мен патша болсам, бұл екеуіміз үшін де жақсы болады.
Саған әдемі, күн шуақты жағажай сыйлаймын.
Күні бойы сонда жатасың. Керемет қой, солай ма?
Жағажайға барғым келеді. Керемет болады.
Жарайды, келістік. Одақтаспыз.
Осы себепті сүйікті бауырымсың, Попо.
Айтпақшы, "Кез келген сұрақ қой" шығыршығын жұмсап қойдың ба?
- Онымен қорғаушыны оңай табар едік. - Не?
Өзіңде де бар ғой. Өзіңдікін жұмса.
Өзімдікін жұмсап қойдым. Мына кейстерді алу үшін.
Мына 2 кейс менікіне не қатысы бар?
Бауырым, бұған уақыт жоқ.
Кейсті ашып, белбеуді басқалардан жылдам табу керек.
Түсінесің бе?
Онда жарайды. Бастайық.
Маған кез келген сұрақты қойыңыз.
Белбеу қорғаушысы қалай көрінеді? Сосын оны қайдан табамыз?
Белбеу қорғаушысы пулулу емес. Пулулу ретінде жасырынған.
Ант етейін, мына жүз таныс көрінеді.
Доғар. Пулулуның бәрі бірдей көрінетінін білесің ғой.
Жүр, оны іздейік.
Қорғаушы тұрған жерді навигаторларыңызда көрсетемін.
Тамаша. Жүр.
Куга. Мен осында тұрғанда, белбеу Миоға тиесілі.
Сондықтан уақытыңды кетірмей, чемпионатқа дайындал.
Сенде тіпті кейс те жоқ.
Уайымдама, оны қайтарамын.
Сенің кейсіңде де алтын кілт жоқ шығар.
Ол жақын маңда.
Мынау сол ма? Пулулу сияқты сыңай танытып жүрген.
Бүркемеленіп алған.
Томпақ! Қане, тоқта!
- Тамаша, оны ұстап алдым. - Томпақ, жылдам кейстің кодын айт.
Мені ойында жеңсеңдер ғана кодты сендерге айтамын.
Келістік! Ойнайық.
Бірақ Попо екеуіміз командамыз, сондықтан екеуіміз де ойнаймыз.
Жоқ, олай әділетсіз болады.
Онда өзіңе серіктес тап. Достарың болу керек қой.
Жоқ, менің достарым жоқ.
- Үнемі компьютерде отырамын ғой. - Жарайды.
Онда бастайық. Қорқып тұрсың ба?
Екеуіңмен де шайқаса аламын.
Телепортацияландық па?
Жоқ, бұл ең жаңа толықтырылған шынайылық технологиясы.
Қош келдіңіздер.
Бұл ойында қарсыласының фигурасын аударған жан жеңімпаз атанады.
Сені жыртып тастаймын, томпақ.
Одан да кодты бізге бірден айта сал.
Менің ттакчиім…
Қалтада ұстайтын ттакчи.
Ал мына карта – жеңілмейтін сиқырлы ттакчи.
Шайқасайық!
Менің ттакчиім…
супер ДР ттакчи!
ДР ттакчи?
Неткен ақымақ атау?
Бұл пішін өзгертетін ттакчи,
жаңа толықтырылған шынайылық технологиясымен.
Сонымен, бастаймыз ба?
Попо суықты жек көреді, сондықтан саған боранмен шабуылдаймын!
Тоқта, тоқта! Суықты жек көремін!
Отты айдаһар картасы!
Қар кесірінен найзағай жоқ!
Ештеңеден қорықпа, бауырым. Әрдайым жаныңдамын.
Ал енді ттакчи ханзада, алға!
Аяусыз жұдырықтар!
Попо, әрекетке көш.
Шынайы оттың күшін сезінетін кез келді.
Ыстық, ыстық!
Сенің ттакчиің менікін ұрды!
Сенің ттакчиің менікін өртеп жібере жаздады!
Мәссаған, сендерді де дос дейді-ау.
Басынан бастап дұрыс айтқан сияқтымын.
Бұл қалай? Осындай нәрсе істей ала ма?
ДР ттакчи шынайы еместі шынайы ететін ғажап қасиетке ие.
Бауырым! Мына әлемде мені жалғыз қалдырма!
Попо. Соққыны менің ттакчиім өзіне алды.
Маған тимеді.
Есіңде болсын, жеңілмегенше жеңілген саналмаймыз!
Жел соққысын байқап көрейік.
Команда не екенін оған көрсетейік.
- Үштік сұрапыл дауыл… - От жалыны!
Қане, қане, әрекет ет!
Не? Жоқ!
Сене алар емеспін. Бұл қалай болғаны?
Супер ДР әрекет ету уақыты таусылды.
Жеңілдім.
Алақай!
Не?
Қане, томпақ, кодты айт.
- Кейстің коды: 8282. - Ал менікі?
Барлық кейстің коды бір.
- Дәл қазір ме? - Иә, әрине. Қолым қышып барады.
Қане, аш!
Сендерге де қызық болып тұр ма?
Бауырым, енді ашуыңа болады.
Сен өзіңдікін бірінші аш. Сенде екеу ғой.
- Сенің қолың қышыды ғой. - Саған қызық емес пе?
Мүлде. Сондықтан сенікін ашайық.
Бір нәрсе ойластырып отырған сияқтысың.
Сені алдамас едім. Ашсаңшы.
8282.
Аяқкиім қасығы маған қажет емес, мен аяқкиім кимеймін, балпанақпын.
Лонки, қане, сенікін ашып көрейік.
Лонки!
Мұны ешқашан кешірмеймін!
Дәл таптыңдар, ханымдар мен мырзалар.
Белбеу қорғаушысы менмін. Панпан! Иә.
Келісемін, ойында жеңілдім,
Лонки мен Попоға кейстердің құпия кодын айтуға тура келді.
Бірақ ұмытпайық, қалған 5 желаяқ әлі ештеңе білмейді.
Көбірек кристалл шарым болса, сендерді қайран қалдыратын нәрсе істер едім.
Иә, Кристалл шар жіберіңдер.
Кейстердің құпия коды – 8282.
- Қалай? Бәрінің коды бір ме? - Иә, бір код.
8282.
Туфли! Куга, бұл дәл сенің түсің екен.
Қызыл ерлердің түсі. Сен үшін мінсіз келеді.
Өте күлкілі. Өзіңде аяқкиімге арналған қасық.
Сөмке мырза? Онда не істеп жүрсің?
- Менікі бос. - Әрине.
Кілт менен Лонки ұрлап кеткен кейсте болса керек.
Мио.
Ештеңені уайымдама, алтыным.
Кейсті қайтарамын, сонда кілт сенікі болады.
Неге ол біртүрлі сөйлейді?
Білмеймін. Бұл оны сүйкімді етеді деп ойлайтын сияқты.
Лонкиді іздейік.
Мио, сен Макспен жұптас. Куга, сен менімен бірге боласың.
Алдымен Лонкиді табайық, сосын қалай әрекет ететінімізді шешеміз.
Түсіндім.
- Бәрін аяқтаған соң, осында кездесеміз. - Мені күтіңдер!
Алтын кілт расымен Лонкидің кейсінде ме?
Әлде... Неге бір гәп бар сияқты көрінеді?
Белбеу қорғаушысын мына жерден қалай табамын?
Көзіңе қарасаңшы.
Тоқта. Сен де супер белбеуді іздеп жүрсің бе?
Шетте қалуды ұнатпаймын.
Жарайды. Сәттілік. Ал мен кеттім.
Лонки, кейстің біреуі сенікі.
Олар не себепті үшеу?
Менікі емес. Ала бер.
- Сыйладым. - Лонки, сенімдісің бе?
- Көп рақмет. - Оқасы жоқ. Табасың деп үміттенемін.
Ақымақ. Ішін қарап көрдім, кейстерде кілт жоқ.
Демек, кілт мына кейсте.
Ол басынан бастап сенде болатын.
Не жаңалық?
Ешқандай. Оны еш жерден таппай жатырмыз.
Сатқын!
Тоқтаңдар. Сағаттан досты іздеу функциясын пайдаланып көрейік.
Вокзалға қарай кетіп барады. Тездету керек.
Кілт шынымен де Лонкиде ме екен?
Олардың арттарынан пойызға барамын. Сендерден түк жасырмаймын. Сау болыңдар.
Ол менікі. Алтын кілт менікі!
Супер белбеу Супер мұнараның ең жоғарғы қабатындағы камерада жатыр.
Неткен керемет!
Зер салыңыздар. Пойыз келді.
Өтінеміз, платформадан алыс тұрыңыздар. Сау болыңыздар.
Дер кезінде келді.
Ол ішінде, достар. Лонки, мына пойызда.
- Онда артынан кірейік. - Жақсы, соңғы вагонға кірейік.
Сосын бірінші вагонға қарай жүреміз.
Ал мен бірінші вагонға кіріп, сендерге қарай жүремін бе?
Сен бе? Жарайды.
Дұрыс.
Лонки, қазір қолым мүлде бос емес.
Әке, тәж кигізу рәсімі жайлы сөйлескім келген.
Әке, тұра тұр!
Неге олай істейің, әке?
Осыдан көр де тұр, Жоғарғы патша атанып, маған тәж кигізетіндей етемін.
Ақырын ғана қасына барамыз, мен белгі бергенде, Куга оны қолынан шап береді.
Макс – аяғынан, ал Мио – оны есінен тандырасың.
Ал мен кейсті тәркілеймін.
Жоқ, одан да сен оны аяғынан ұста, ал мен кейсті аламын.
Бос сөйлеме, оның қолын ұста, ал мен кейсті аламын.
Жоқ, Лонкиді ұстаудың қажеті жоқ, жай кейсті алып кетемін.
Мен айтқандай істеңдер, сайтан алғыр!
Лиудің дауысын естігендей болдым.
Ұсталып қала жаздадық.
- Ақырын әрекет ету керек. - Шу шығарып тұрған сен.
Былай істейік: Лонкиді нокаутқа жіберемін, кейсті бірге аламыз.
Не? Досымызды ұрып, нокаутқа жіберемін деп ойлайсың ба?
Иә, өзіңді естісең ғой.
Иә, Лиу дұрыс айтады.
Менің соққым күштірек.
Сондықтан оны нокаутқа мен жіберемін.
Жай бізге кейсті беруін өтінейік.
Оны бізге бере салмайды.
Бір нәрсе сезіп қоймай тұрғанда әрекет ету керек.
Лонки! Артыңда!
Не істеп тұрсыңдар?
- Кейсті бер! - Кейсті бер!
Рақмет, бауырым.
Ақыры!
Желаяқтар алтын кілт салынған кейс үшін таласты бастады.
Бұдан да көп нәрсе көргілерің келсе, маған көбірек кристалл шар жіберіңдер.
Сол кезде міндетті түрде сіздер үшін ойынды қызықты ете түсемін.
Неткен оқиға. Әрі қарай не болады екен?
Білемін, көңілді болғанын қалайсыңдар.
Бастайық!
Кейсті беріңдер!
Қайсы Лонкидің кейсі?
Оларды шатастыру үшін өз кейсіңмен синхрондауды сақтап қойдың ба?
- Рақметіңді кейін айтасың. - Кілт осы кейстердің бірінде.
Екеуін де алайық!
Армандапсың.
- Бұл не білдіреді? - Мио.
Абайла!
Байқа!
Достар, бір нәрсе дұрыс емес. Лонкиді алып, пойыздан түсейік.
Мына құбыжықтармен өзім айналысамын.
Ал сен кейсті іздеуге бар.
- Рақмет. Сәттілік. - Не? Сендерге айтқан жоқпын!
- Мио, неге олармен бірге бармадың? - Оларды жалғыз қалай жеңесің?
Мио. Сонда сен үшін шынымен қымбатпын ба?
Білгенмін, жан дүниеңнің бір... Иә, бірінші бара бер.
Ал мен мыналарды жеңейін. Сосын қуып жетемін.
Мыналар кім тағы?
Жоқ! Олар көп екен!
- Не істейміз? - Тыңда.
Екеуіміз бір команда болсақ, мен ештеңеден қорықпаймын.
- Бәрін жеңеміз. - Жарайды!
Мен карталар әміршісімін!
Отты айдаһар картасы!
Не? Неге түк шықпады? Сенің кезегің, бауырым.
Попо. Олар тым көп.
Мені тағы да сатып кеттің бе?
Қолымнан ұста, бауырым. Айттым ғой, біз бір командамыз.
Бір секунд күтші.
Қызық, неге менің артымнан бармадың?
Жылдам, жылдам!
Ұсталып қала жаздадық.
Достар, кешіріңдер.
Жай әкем ұлын мақтан тұтқанын қалаймын.
Бір сәт күтші, Лонки!
Лонки, кейс айырбастаймыз ба?
- Не үшін? - Олар сенің кейсіңді тартып алмақшы.
Айырбастасақ, қорықпаймыз.
Сені ұстап алған күннің өзінде супер белбеу сенде қалады.
Оны саған арнап сақтап қоямын.
Сенің жоспарларың сирек жақсы болады.
Жоқ. Кейс менімен қалады.
Тыңда. Мен патша немесе соған ұқсас біреу болуды мүлде қаламаймын.
Жағажайым болса болды, сонда күні бойы жатуды қалаймын.
Сеніңше, пойызда саған не үшін көмектестім?
Келісемін. Қалағаныңның бәрін белбеусіз де ала аласың.
Не айтқанымды түсіндің бе? Қазір бізді ұстап алулары мүмкін.
Синхрондалуды өшіріп, айырбастап алайық.
- Жарайды, ұста. Саған сенемін, бауырым. - Білемін, бауырым.
Лонки!
Қарашы, неткен қайтпас. Міне, сендерге!
Лонки, еңкей!
Бауырым!
Мойным ұзын болғаны қандай жақсы.
Сәлем. Сендерді көргеніме қуаныштымын.
Бірақ қалғандар қайда?
Жарайды, енді не істейміз?
- Қандай да бір ой бар ма? - Ешбір ой жоқ.
Әдетте жоспарды Лиу құрады.
Лиу, енді не істейміз?
Қалай "не істейміз"?
Портал арқылы қауіпсіз жерге бару керек.
Қазіргі жерді ескерсек, портал түнелден шыға берісте пайда болады.
- Лиу, тамаша жансың. - Белбеу ше? Ол қазір қайда?
Ақымақ емеспін, Лиу.
Белбеу қайда екенін айтпаймын.
- Ақымақ. - Менде бәрі жоспар бойынша.
- Портал! - Секір, бауырым!
Куга! Портал! Секір!
- Не істеп жатырсың? - Секіріп жете алмауың мүмкін еді.
Меніңше, патшайым болу маңдайыңа жазылған.
Мио!
Достар, қазір Желаяқтар супер белбеуге жету мақсатында порталға кіруде.
Бірақ мен оларға тосын сый дайындадым.
Ал іске сүйікті жүргізушілерің кіріссе, бұл өте қызық болады.
Әрі қарай сендерді бұдан да қызық бірегей контент күтуде.
Сау болыңдар.
Қорғаушы пулулу қайсы екен?
Аяғым қатты ауырып тұр.
Мынау тағы не?
Ішінде кілт болмаған соң оларды тастап кеткен сяқты.
Бұл дегеніміз – кілт менде.
Тезірек белбеу қорғаушысын табу керек.
Белбеу қорғаушысы.
Шық! Көмектес.
Лонки! Супер белбеуді қайдан табамыз?
Қайда баратынымызды анықтап алу керек.
Енді... Иә. Супер белбеу жатқан сейф...
- Ескі қалалық стадионда. - Не?
Оған алаңнан жетуге болар еді, мына қуғынсыз.
Жолдан сонша алыстаудың еш қажеті жоқ еді.
Тоқта, тұра тұр. Тағы да өтірік айтып тұрсың ба?
Бауырым.
Білесің ғой, саған өтірік айтпас едім, бір командамыз ғой.
Ал өткен жолы жай оларды адастырмақ болғанмын.
Енді бәрі ойдағыдай. Бұл жерден кетуге болады.
Мына затты алайық.
Керемет. Ғажап көлік, солай ма?
Попо. Мына затты сен де пайдалан.
Ескі қалалық стадионға дейін жаяу жүгіргің келмесе.
Жарайды.
Имба! Мен стильдімін!
Қозғалтқышты қосу үшін сағатты машинамен синхрондаңыз.
Мына сәнді жігіт кім?
Алға, серуендеп қайтайық. Кеттік.
- Артыңнан жүріп отырамын, бауырым. - Жарайды, кеттік.
Иә, иә, Попо, бара бер.
Супер белбеу тек менікі болады. Қайда дейсің бе?
Мұнара төбесінде. Міне, сонда.
Қашып кетті.
Ана жаққа ғана кетулері мүмкін. Арттарынан барамыз.
Мен біріншімін.
Бір секунд.
Дөңгелек іздері. Затты пайдаланған болса керек.
Біз де солай істей аламыз.
Ол сондай ғажап болады деп ойлаған да емеспін.
Иә, дизайны керемет.
Жүреміз бе, әлде осылай сілекейлеріңді ағызып тұрасыңдар ма?
Мио, не дейсің?
Көлігім ғажап па?
- Мазамды алма. - Жарайды.
Желаяқтар, алға!
Лонки! Естіп тұрсың ба? Жазғы жағажай мені шақыруда!
Иә. Армандар шынымен орындалады екен.
Лонки! Бір сәт тыңдашы. Сөйлескім келеді.
Бұл не? Тез қуып жетіпті.
Жайымызға қалдырар емес. Лонки, не істейміз?
"Не" дегенің қалай? Барынша тез жүр.
Басқа амал қалдырмадың, Лонки.
Достар, қане.
- Мио, неге маған бұлай еттің? - Тоқта, сонда мен де тоқтаймын.
Мио, саған көмектесемін.
Попо, сен...
- Мені өлтірмексің бе, Куга? - Тоқта, ақымақ!
- Бұл не? - Білмеймін. Мен жел картасымен босадым.
Не дейсіңдер? Желаяқтарға күшті тосын сый дайындадым ба?
Ойын-сауық енді басталды.
Бой қыздыруды ғана бастадық, сондықтан сақтаныңдар!
- Бұл не бәле? - Қандай есуас оны басқарып отыр?
Білмеймін. Бірақ тағы да бірге шабуылдау керек.
Түк көрінбейді.
Жоқ!
Көлігіме не болды?
- Бауырым, баста! - Жақсы.
Супер аса күшті от!
Көлігім бұдан күшті шабуылға да шыдайды!
Негізі шыдамайды.
Супер ДР уақыты таусылды.
Бұл қалай болғаны?
Жарайсың, бауырым.
Лонки! Қайда кеттің?
Ескі қалалық стадион ол жақта емес.
Солай ма? Бұл жаңа айла-шарғы.
Сен стадионға бара бер, мен достардан құтылып, жаныңа келемін.
Тамаша. Жолыққанша.
Достар, бір нәрсе жіберіп алдым ба? Алып көлік мұнда не істеді?
Білмеймін, бірақ Лонки мен Попо екі жаққа кетті.
Бізді шатастырмақшы.
Куга екеуіміз Попоның соңынан барамыз. Мио мен Макс Лонкидің артынан барыңдар.
Тұра тұр.
Куга екеуің де супер белбеу іздеп жүрсіңдер.
Сендерге қалай сенеміз?
- Айтқанды істе. - Жарайды.
Супер белбеу аса зұлым қастандыққа қатысы бар деп ойлаймын.
Қастандықты кім ойластырғанын анықтау үшін белбеуді табуым керек.
- Бұл жеке басымның мәселесі үшін емес. - Менің де ниетім сондай.
Белбеуді зұлымдардың қолына түспеуі үшін таппақшымын.
Тамаша. Бұл істі ашып, белбеуді жасырып, сосын ғайып боламыз. Жарай ма?
- Жақсы, жоспарыңды қолдаймын. - Іске кірісейік.
- Куга жауап бермеді. - Куга, сенің жоспарың басқа ма?
- Жоқ, сендермен біргемін. - Дауысыңа қарап олай айтпайсың.
Сендермен біргемін. Белбеуді тауып, оны жасырайық.
Жақсы. Онда іске кірісейік.
Ақымақ Попо.
Неге үнемі сеніп қала береді?
Бүгіннен бастап таққа отыратындар тізімінде 50-орында болмаймын.
Әке, тәжге лайық жан осында.
Менің алтын кілтім қайда?
Жоқ! Кілт қайда болуы мүмкін?
Попо кейсіме бір нәрсе істеді ме?
Лонки! Кейстерді айырбастайық.
- Не үшін? - Олар сенің кейсіңді тартып алмақшы.
Айырбастасақ, қорықпаймыз.
Сені ұстап алған күннің өзінде супер белбеу сенде қалады.
Оны саған арнап сақтап қоямын.
Не айтқанымды түсіндің бе? Қазір бізді ұстап алулары мүмкін.
Синхрондалуды өшіріп, айырбастап алайық.
Жарайды, ұста. Саған сенемін, бауырым.
Иә, бауырым.
Жоспар үшін осындай маңызды нәрсені қалай ғана ұмыттым?
Ақымақ, ақымақ! Сене алар емеспін.
Алтын кілттен айырылып қалдым.
Кейсімді ұрлап кеттің, сондықтан осындай күйге ұшырадың.
Жоқ, жоқ! Не, не? Жоқ!
Болмайды!
Супер белбеуге жетуге сәл қалды. Тура алдымда тұр!
Кетпеймін!
Лонки ойыннан шықты.
Шынымен мықтымын ба?
- Жарайды, жүр. Алтын кілтті табайық. - Жоқ.
Сейф осында. Сондықтан кілтті кім алса да, оны осында алып келеді.
- Мен тура солай айттым. - Жапшы аузыңды.
Жарайды.
Қайда? Сейф қайда?
- Мұнда емес пе? - Попо!
- Жігіттер, неге мұнда келдіңдер? - Супер белбеу қайда?
Білмеймін.
Барлық жерден іздедім.
Супер мұнарада болғаны ғой.
- Попо, алтын кілтті бер. - Жоқ, бермеймін.
Бар қалауым күн шуақты жағажай. Мұхитты қатты сағындым.
Сондықтан армандамаңдар!
Жоқ, кілтті бер!
Алдым!
Куга?
Кешіріңдер, жігіттер.
Не үшін сен...
Лиу ойыннан шықты.
Бұлай істеуге қалай дәтің барды?
Попо ойыннан шықты.
Қалай ғана кейсті ауыстырғанымызды ұмыттым?
Өзіме обал жоқ.
Бәріне сен кінәлісің! Кейстерді ауыстыруға не үшін көндірдің?
Енді не істейміз? Ақылға қонымсыз!
Маған жала жаппа! Мені стадионға жіберген сен!
Сатқынсың! Сен!
Басқалар соңымнан қалу үшін істедім!
Бұл жақсы стратегия деп аталады, Попо!
Міне, кезекті өтірік! Өтірігіңе әбден тойдым!
Бірден маған сенім артсаң, көздеген мақсатқа жетер едік, Лонки!
- Не? - Екеуің де доғарыңдар!
Түкке тұрғысыз белбеу үшін достарыңды сатуға бел буғанда,
екеуің де бәрін былықтырдыңдар.
Не? Не айтып кеттің?
Сен де біз сияқты супер белбеуді ұрлау үшін жасырын кетіп қалдың.
Мен сендер сияқты емеспін.
- Менің ниетім тек... - Қандай өтірікшісің!
Ешқандай да өтірікші емеспін.
- Сендер сияқты емеспін. - Әлбетте.
Бойыңда патшалық қан жоқ.
Тіпті ДНҚ-мыз да әртүрлі, қарабайыр.
Апыр-ай! Жоғары мәртебелім таққа отыруға 50-орында тұр.
Қандай қызмет көрсетейін?
Неткен далбаса.
- Патша емес, өтірікшілер ұрпағысың! - Не?
Не дедің? Шәрбат.
Не? Шәрбат? Шәрбат?
Иә, шәрбат Попо!
Білесің ғой, жалған балмұздақты жек көремін!
- Мұны кешірмеймін, Лонки. - Сонда не істейсің?
Осының бәрінен сондай шаршадым.
Бұдан былай кездеспейік.
Иә, табылған ақыл екен.
Сен! Бұдан былай маған қоңырау шалушы болма!
Попо, қайдасың?
- Қолыңды көтерші, тым аласасың. - Ашуыма әбден тиіп болдың.
Не? Жарайды, кете бер!
Маған қажет емессің. Маған ешкім қажет емес!
Не бүлдірдім?
Мұны қаламадым.
Қай жерде қателестім? Қалай бәрін түзетсем екен?
Осы кештің бас қаһарманы, алтын кілт иесі Кугаға ду қол қошемет, достар!
Супер белбеу салынған сейф тұрған мұнараға келді.
Осы тебірентерлік сәтте бір нәрсе айтасыз ба?
Сәлем. Мио мен Макс қайда?
Кім? Мұнда тек біз.
Жүр, сейфті ашып, белбеуді салтанатты түрде беліңе байлайық.
Бұл расымен де тарихта қалатын сәт!
Жаңа Жоғарғы патшаның пайда болуы!
Қызық, ұлы Куганың санасында қазір қандай ойлар бар екен?
"Бұл әлемде тек мен тәж салмағын көтере аламын".
Осы жайлы ойлап тұрған шығарсың.
Жоқ. Мен жай үйретіп, жекпе-жек өнерін барынша жақсы меңгергім келеді.
Айтпайтының жоқ екен. Куга, сені алға не итермелесе де, жалғастыр.
Куга, тоқта.
Оны тақпай тұрып, көрермендер үшін онымен суретке түсесің бе?
Достар, мынаған қараңдар!
Бұл расымен де Жоғарғы патша жарататын супер белбеу!
Куга, көрермендер ғажап белбеуді жақыннан көруді қалайды.
Оны біраз төмен түсіре аласың ба?
Ғажап емес пе?
Белбеудің ең басты артықшылығы, ол кез келген пішінге ауыса алады.
Ішіне затты салсаңдар болғаны.
Ішіне робот затын салсаңдар, ол сізді роботқа айналдырады!
Супер белбеу сізге шексіз күш сыйлайды.
Сол себепті оны тақсаңыз, Жоғарғы патша боласыз.
- Не істеп жатырсың? - Өзің қалай ойлайсың?
Жоғарғы патша болу үшін супер белбеуді тақпақпын.
Жанат тайпасының оңбағандары, қарап отырсыңдар ма?
Енді сендерді мен мазақ етемін!
Мәңгілікке қош бол, уақыты шектеулі ДР.
Рақмет, белбеу.
Көрермендер, мынау "Нөлдік гравитация" деп аталатын белбеу заты.
Қалай әсер ететінін көрсетейін.
- Не істеп жатырсың? - Мұның не, Куга?
Көрермендерге белбеу мүмкіндіктерін көрсетіп жатырмын.
Қараңдар, достар.
"Нөлдік гравитация" заты осылай әсер етеді.
Куга!
Неге ол жердесіңдер, достар?
Өзің тауып көр. Оларды торға мен отырғыздым.
Саған бізден не керек?
Білесіңдер ме? Мәңгі достық жайлы бос сөздерден әбден мезі болдым.
Өздеріңе пайдасы тиетін жандарды ғана дос санайсыңдар.
Ал олай болмаса, одан теріс айналып, бөтен жандай кейіп танытасыңдар.
Бәріне достықты оңай құртуға болатынын дәлелдегім келген.
Ал сендер достықтарыңның бар шындығын айқын көрсеттіңдер.
Өкінішті, бірақ бағдарламамызды аяқтайтын кез келді.
Кристалл шарлардың қуатын әлемді зұлымдықтан тазарту үшін пайдаланамын.
Ал зұлымдық әрбіріңде бар.
Өмірлеріңе балта шауып, бұдан жақсы әлем құрамын.
Сондықтан сендердің орындарыңда болсам, тым-тырақай қашар едім.
Жаңа Жоғарғы патшаларың жасасын!
Бұл не?
Не болып жатыр? Қара түтін қайдан шығуда?
Не? Әлем жойыла ма?
Мио, Куга мен Макс тұтқында. Панпан. Сені ме!
Не істесем екен? Лиу мен Попоға ескерту керек.
Енді кездеспейік.
Сен! Енді маған ешқашан қоңырау шалма!
Олар менімен араласпайды.
Енді не істеймін?
Алдымен аман қалуға тырысайын.
Жолдан кетіңдер!
Неткен қырсық еді!
Сабыр сақтаңдар, сонда бәрің аман шығасыңдар.
- Попо, абайла! - Сабыр сақтаң...
Кешір.
Не?
Сені шәрбат деп атағаным үшін кешір.
Оны қаншалықты ұнатпайтыныңды білемін.
Бауырым!
Кешір. Кешірші, Попо, бауырым!
Сен де кешір. Балмұздақтың бәрін жақсы көремін. Дәмді шәрбатты да.
Болды! Кешірім сұрауды қойыңдар!
- Достарымызды құтқаруға кеттік пе? - Әрине.
- Кеттік. - Достарымызды құтқарайық!
Кейстер сатылады.
- Бағасы да жақсы. - Пала!
- Үнемі қайда жүресің осы? - Белбеу қорғаушысын таба алмадым.
Сондықтан кейстерді сатып, ақша табайын деп шештім.
Ал мен осы маңда жүргеніңді білмедім.
Сен жайлы мүлде ұмытып кетіппін.
Мұның не?
Пала, кейс сататын уақыт жоқ!
- Панпан иемденіп алды… - Не? Белбеу Панпанда ма?
Оны әрдайым ұнатпайтынмын.
Бауырларым, игі іс үшін күш біріктіріп, достарымыз бен әлемді құтқару керек.
- Дәл солай, достым. - Сонымен, қайда барамыз?
Қазір пулулудың бәрі аман-есен шығып кетті, сондықтан мұнараға барып,
достарымызды құтқарып, Панпанды жеңейік.
- Жақсы. - Сөйтейік.
Жүгірдік.
Лиманың күдігі расталды.
- Бір-бірімізбен күреспесек... - Мио, уайымдама.
Ант етейін, белбеуді өзіне алғаны үшін Куганың жанын шығарамын.
- Міне, саған осы да аз! - Доғар!
- Кешір. - Мен кешірім сұрауға тиіспін.
Түсінемін, белбеуді өзіме қалдыру ақымақтық еді.
Куга! Бәрі жақсы!
Жігіттер, амансыңдар ма?
- Лонки, саған әлі де ашулымын... - Кешір.
- Түк етпейді. - Бізді тезірек шығарыңдар.
- Панпанды тоқтатайық. - Қазір.
- Жоқ, тоқта! - Тоқта!
Қашу ұмтылысы анықталды.
Тор 30 секундтан соң өздігінен жойылады.
- Лонки! Тыңдасаң, біз... - Кешіріңдер.
Түк етпейді, бәрі қателеседі.
Өшіретін тетік бір жерде болуға тиіс!
- Түсіндім. - Іздейміз.
Түк жоқ! Не істейміз?
- Не істейміз? - Қалқандар. Қалқандарды қолданыңдар.
Жарылса, бәрімізге тиеді!
Ойланыңдар! Не істейміз?
Тесіктен шығып кетуге болады.
Пала, шығыршығың қалғанына таңғалып тұрмын.
Осындай жағдайға сақтап қойғанмын. Иә.
Енді мен басқамын. Бұдан былай мені "Құтқарушы Пала" деп атаңдар.
- Енді Желаяқтар алға ұмтылуға тиіс... - Қалай ойлайсыңдар...
- басқалар аман қалды ма? - Мен бас кейіпкер боламын.
"Досты тап" құралы оларды таппай тұр.
Сағат сигналы, шығу порталына түскенде бұғатталып қалады.
Сондықтан әзірге уайымдамаңдар.
Кім көп нәрсе біледі? Мен, Ұлы Пала.
Барлық тіршілік иелеріне айтамын,
бірақ физикалық денелерің жоқ болғаны үшін жәбір көріп жүргендерге!
Көз алдыларыңда жаңа әлем жаратылады, виртуалды нәрсе шынайы болады.
Не деп сандырақтап тұрсың?
Бір рет болсын шындықты айт.
Бұл әлем саған несімен жақпады?
Ең ақымақ Желаяқ болғаның үшін бәрін түсіндіріп берейін.
Пала мүлде ақымақ емес. Сыпайы болуды үйрен.
Сондай зұлымсың.
Компьютерлер мен ұялы телефондар ішінде көптеген виртуалды кеңістік бар.
Мысалы, ойындар. Сол виртуалды кеңістіктерде
көптеген тірі мақұлық тіршілік етеді,
оларды бәрі жек көреді немесе қабылдамайды,
себебі олардың физикалық тәні жоқ.
Мен оларды шынайы әлем жаратылыстарына айналдырамын.
Неткен далбаса.
Паланың виртуалды бәлелеріңнен еш хабары жоқ.
Не себепті мұндай қатыгез екеніңді айтшы.
Мұның несі түсініксіз?
Бері келіңдер.
Тыңдаңдар.
Бала кезде достарым көп еді.
Бірақ есейген кезде қол-аяғым өспеді.
Тек ішім ғана ұлғайды.
- Мен кінәлі емеспін ғой. - Әрине, кінәлі емессің, достым.
Бойың аласа болғанына кінәлі емессің, семіріп кеткеніңе кінәлісің!
Дәл солай. Бірақ бойыма бола достарым мені мазақтай бастады.
Шын мәнінде жанат емес, қызыл панда тайпасынан екенімді біліп,
олар мен мүлде жоқ сияқты кейіп таныта бастады.
Бала кездегі ең жақын достарым кенет менен бас тартты.
Мен бір елес сияқты. Сондықтан бөлмеден шықпайтын болдым.
Күні бойы компьютер ойындарын ойнадым.
Біле білсеңдер.
қазір болып жатқан дүниенің бәрі ойын, оны бұзып, сендерді ойнауға мәжбүрледім.
Желаяқтардың жүйесін бұзып кірдің бе?
Сол себепті қалқан бәрібір пайда болды.
Компьютер кейіпкерлерін сырт келбет қызықтырмайды, қай тайпадан екенім де.
Олар ең адал достар, көп ұзамай болашағым болады.
Мына түкке тұрғысыз әлемді жойып, жаңа әлем жаратамын деп уәде бердім.
Мен және виртуалды достарым мүлде жаңа әлемде бақытты боламыз.
Иә, бірақ виртуалды достарыңды компьютер әлемінен қалай шығарасың?
Кристалл шарларды жанармайға айналдыру керек.
Сосын оны мына машинаға құю керек.
Сені түсінемін, бірақ тағы бір байқап көрсең қайтеді?
Шынайы әлемде көп дос табуға болады.
Сен сияқты атақты батырға бұлай айту оңай!
Мынау "Лазер" заты деп аталады. Оны мына жерге ортанып...
Белбеу Панпанды өте мықты етті! Не істейміз?
Лонки, тығылып тұрған жеріңден шық. Оның назарын өзіңе аударасың.
Панпанды алдандырып тұрғаныңда, Лиу екеуіміз соққы жасаймыз!
Алдандырамын ба?
- Маған тигізсе ше? - Онда өлесің.
- Білесіңдер ме... - "Қаһарман" шығыршығын қолданайық.
Болады, бірақ бұл заттар не істейтінін білмейміз.
Лазердің астына түскеннен жақсы.
Неткен күшті сезім.
Иә! Қайта тірілдім!
Желаяқтар энергиясы тамырларыммен ағып жатыр!
Тығылып үлгермесеңдер, өздеріңнен көріңдер.
Қашуыңа болады, бірақ...
Қол күшті созылады екен!
Алдаларыңда ғажап созылмалы қаһарман Лонки!
Сен сияқты ақымақ қалай қаһарман атанып жүр?
Достар, Ұлы Лонки жалғыз да оны жеңетін сияқты.
Созылмалы соққы!
Тағы бар ма?
Менде зат көп. Жауынгерлік машықты жетілдіру.
Соққы дыбысы ұнай ма?
Қолыңнан бар келгені осы ма, темір отыншы?
- Бұл өте оңай шаруа болды. - Бұл үшін жауап бересің.
Мені кешіресің ғой, иә, бауырым?
Өтінемін, керек емес!
Тірісің бе?
Қандай күштісіңдер!
Панпан, не істеп жатырсың?
Айтып берейін.
"Тиранно шабуылы" деген ойындағы достарыма қоңырау шалмақпын.
Сүйкімді!
Сен мұнда не ұмыттың? Анаң қайда? Аназавр қайда?
Жылдам айт!
Анаңды ертіп кел, жылдам!
Сәлем, Ти, қалың қалай?
Мұның не?
Не болды?
Құбыжықты шақырды, оны досы санапты.
Ал құбыжық басқаша ойлайтын сияқты. Көңілді түсіреді екен.
- Бәлкім, біз оның достары боламыз? - Не? Ондай тентекпен қалай дос боламыз?
Ол әрдайым зұлым болмаған сияқты. Оны ренжітті, сосын осындай болып кетті.
Ал қазір достығымыздың көмегімен қайта өзгере алады.
Келісемін. Табандары қысқа болғанына кінәлі емес.
- Мен де келісемін. - Ұлы Лонки сендермен бірге.
- Ол бауырларың болады. - Тамаша.
Бірақ алдымен оны құтқару керек.
- Жақсы. - Солай істейік.
Есіңнен адасқанбысың?
Жоқ!
Ұстан!
- Амансың ба? - Аяғым!
Аяғым!
Қара, аяғың қысқа болғаны жаман емес екен.
Аяғым орнында!
Бізбен дос бол.
Бірақ сендерге көп қастық жасадым.
Ештеңе етпейді. Бәріміз кейде қателесеміз.
Рақмет, жігіттер.
Көрдіңдер ме? Енді қаруым бар!
Лонки!
Жол беріңдер!
Мұзды карта шабуылы!
Атпа! Ол ашу кесірінен сондай беймаза.
Бірақ ол бәрібір менің досым.
Оны кері қайтарудың жолы бар шығар, сондықтан атпа.
Қалай жіберуге болатынын білесің бе?
- Білмеймін. - Бұл машинаны сен жасадың ғой.
Оны кері қайтарамын деп ойлаған жоқпын.
Онда бір амалын тап.
Қолым талып кетті.
Бір нәрсе ойлап таптым.
- Мынау не? - Басқа ойыннан кеме ме?
"Кариб шабуылынан"!
Атауында "шабуыл" сөзі бар ойындарды ғана ойнайсың ба?
Дайынсыңдар ма? Қиын болады.
Мен көмектесе аламын. Қосылсам бола ма?
Жоқ, тираннозавр мына жердің бәрін дүрліктіргені ғана жетпей тұр.
- Мықтап ұста. - Қолым талып кетті.
Отты айдаһар картасы!
Болды ма? Әлсіз екен.
Кемедегілер кім?
Түрлері ғана қорқынышты шығар. Оның өзі алыстан көрген соң.
Ойында олар орта деңгейлі бастықтар. Оларды жеңу қиын.
Олар түспей тұрғанда атып тастайық!
Назар аударыңдар. Қуат төмен деңгейде.
Қуаттау режиміне өтемін. Қару 30 минутқа өшіріледі.
30 минут деген көп.
- Енді не істейміз? - Қазір анықтаймыз.
Созылғыштың супер күші шынымен қажет емес пе?
Шынымен. Сол жерде қал.
Дайындалыңдар.
Желаяқтар мәңгілікке!
Супер Лонки құр қарап отырмайды.
Тираннобауырым! Жоқ, тиранноәпке.
Болып жатқан жағдай жайлы ашық сөйлесейік.
Көмектеспей жатыр! Қаштық!
Қаштық!
Бізді де сорып алады!
Бұл зырылдауық па?
Өмірлеріңді құтқарған сияқтымын, бауырым.
Макс, тірісің бе?
Бәрің тірісіңдер!
Ақыры төрт көзіміз түгел болды.
Ал ол мұнда не істеп жүр?
Панпан енді досымыз.
Попо!
- Шын мәнінде, ол мейірімді. - Жарайды, бірақ...
Достар! Қашыңдар!
Оны ұстап отыруды бұйырдым ғой.
Бәріміз жиналдық. Қашудың қажеті жоқ.
Қаһарына мінсе де, досым болып қала береді.
Жоқ, жоқ, бұрыс жүгіріп келе жатырсыңдар.
- Қашыңдар! Қаш! - Кейін тұр!
Арқасында баласы бар!
- Оны ұстауды бұйырдым ғой! - Ақылға көне ме деп ойладым.
Қане.
Тоқтаңдар, мынау не?
Достар, қараңдар! Кеме капитаны шайқасуға төмен түсіп келеді.
- Қашып ештеңе шешпейміз. - Төбелесеміз!
Панпан! Оған көмектесу керек!
Қарсыласың менмін.
Достар.
Түк шықпайды.
Куга, оны бері әкел.
- Іске асты! - Жақсы, біз...
- Жеңдік. - Тағы бір мәрте.
- Әлемді құтқардық. - Бәрі аяқталды.
- Мио, мен жарадым ба? - Жетер.
- Панпан, не үшін оны лақтырдың? - Себебі ол енді маған қажет емес.
Менің достарым бар.
Бірақ маған қажет қой!
Баршаңа сәлем. Мені кешіріп, қателігімді ұмытасыңдар деп үміттенемін.
Бәрінің басынан өткен қиындықтарды да.
Қателеспейтін жан жоқ демекші.
Бүгін желаяқтардың көптен күткен чемпионаты өтеді!
Қатысушылар бірінен кейін бірі аренаға келіп жатыр.
Бұл чемпионатты менің жаңа супер арнамнан бақылап отырсыңдар.
"Өзгерген Панпан" арнасынан.
Мәңгілікке желаяқтар!
Ойынды ауыстыруға болмас па еді? Көп жақсылық жасадық қой.
Әрең тұрмын.
Достар, кеше шытырман оқиға болды, бірақ чемпионат өтеді.
Сондықтан бар күштеріңмен тырысыңдар!
Желаяқтар уақыты!
ЛОНКИ ҰЛЫ ӨТІРІКШІ
Can't find what you're looking for?
Get subtitles in any language from opensubtitles.com, and translate them here.