Afrikaans
Akan
Albanian
Amharic
Arabic
Armenian
Azerbaijani
Basque
Belarusian
Bemba
Bengali
Bihari
Bosnian
Breton
Bulgarian
Cambodian
Catalan
Cebuano
Cherokee
Chichewa
Chinese (Simplified)
Chinese (Traditional)
Corsican
Croatian
Czech
Danish
Dutch
Esperanto
Estonian
Ewe
Faroese
Filipino
Finnish
Frisian
Ga
Galician
Georgian
German
Greek
Guarani
Gujarati
Haitian Creole
Hausa
Hawaiian
Hebrew
Hindi
Hmong
Hungarian
Icelandic
Igbo
Indonesian
Interlingua
Irish
Italian
Japanese
Javanese
Kannada
Kazakh
Kinyarwanda
Kirundi
Kongo
Korean
Krio (Sierra Leone)
Kurdish
Kurdish (Soranî)
Kyrgyz
Laothian
Latin
Latvian
Lingala
Lithuanian
Lozi
Luganda
Luo
Luxembourgish
Macedonian
Malagasy
Malay
Malayalam
Maltese
Maori
Marathi
Mauritian Creole
Moldavian
Mongolian
Myanmar (Burmese)
Nepali
Nigerian Pidgin
Northern Sotho
Norwegian
Norwegian (Nynorsk)
Occitan
Oriya
Oromo
Pashto
Persian
Polish
Portuguese (Portugal)
Punjabi
Quechua
Romanian
Romansh
Runyakitara
Russian
Samoan
Scots Gaelic
Serbian
Serbo-Croatian
Sesotho
Setswana
Seychellois Creole
Shona
Sindhi
Sinhalese
Slovak
Slovenian
Somali
Spanish
Spanish (Latin American)
Sundanese
Swahili
Swedish
Tajik
Tamil
Tatar
Telugu
Thai
Tigrinya
Tonga
Tshiluba
Tumbuka
Turkish
Turkmen
Twi
Uighur
Ukrainian
Urdu
Uzbek
Vietnamese
Welsh
Wolof
Xhosa
Yiddish
Yoruba
Zulu
ДЕКАРТТЫҢ БІРІНШІ ЕРЕЖЕСІ – АҚИҚАТ ДЕП ТЕК БІЗ АНЫҚ ӘРІ АЙҚЫН ТҮРДЕ
ШЫН ДЕП ҚАБЫЛДАЙТЫН НӘРСЕНІ ҒАНА САНАУ.
…сарбаздардан тағайындалады.
Рота бойынша кезекшілікке
Рота бойынша кезекшілікке
әскери қызметте сарбаз лауазымдарында жүрген
әскери қызметте сарбаз лауазымдарында жүрген
сержанттар мен старшиналарды
сержанттар мен старшиналарды
тағайындауға
тағайындауға
- рұқсат етіледі. - рұқсат етіледі.
Рота бойынша кезекші
Рота бойынша кезекші
мүліктің сақталуына жауап береді.
мүліктің сақталуына жауап береді.
Мектебіміз таңдаулы,
әскери.
Біз мұнда бәріне үйретеміз.
Алгебра,
бокс,
топография,
музыка да бар.
Біреу суреттерде көздерді тесіп шығыпты.
Оңбағандар.
Қазіргі ұрпақ тәртіпсіз болып бара жатыр.
Олар нысанаға қалай ататынын да білмеймін.
Сіздің қызыңыздың аты кім?
Ол ұл бала.
Білемін.
Сонымен, қыздың аты кім?
Серік.
Серік.
Анау терезені көріп тұрсыз ба?
Жақында ол жақтан кадет секіріп кетті.
Қайтыс болды.
Сіздің Серігіңізге ұқсаған.
Оның жүйкесі дұрыс па?
Әрине.
Әрине, бәрі дұрыс. Бізде барлық анықтамалар мен мінездемелер бар.
Бір метр арақашықтықты сақтаңыз.
Бізде мұнда әйелдер жоқ.
Шашыңызды да жинап алыңыз.
Джинсы кимеңіз. Тар киім кимеңіз.
Косметиканы сүртіңіз, ерін боямаңыз.
Бізде ер балалар оқиды. Сосын түнде уқаламасын өздерінің…
Қандай сабақ бересіз?
Тарих.
Сізді мұнда кім жібергенін, қалай көмектескенін білмеймін.
Құжаттарыңызды әкеліңіз.
Серік, мұнда тұра тұршы.
Жарайсың.
Серік!
Сен не істеп жатырсың?
Кеттік.
Арқаңды түзу ұста. Арқаңды жаз да, дұрыстап жүр.
Дұрыстап жүр, арқаңды жаз.
Әлжуаз бала сияқты жұрсің.
Сосын басқалар да саған солай қарайды.
Бұл әскери мектеп екендігін түсінесің бе?
Өзіңді қалай ұстасаң, басқалар да саған тура солай қарайды.
Қимылда!
Пас!
Нақтырақ лақтыр.
Серік, сен не тұрсың?
Кәне! Қимылда!
Қараңдар, жігіттер!
Не болды, Рапунцель?
Бұл не?
- Сен не, ең батылсың ба? - Көйлек кигізейік пе үстіне?
Ең мықтысың ба? Бұл не?
Шашыңа не болған? Рапунцельсің бе?
- Көзіме қара. - Оп-па.
- Мама! - Жап аузыңды!
- Қара. Осы жердің заңы - біз боламыз. - Түсіндің бе?
Түсіндің бе? Қараңдар. Оп-па!
Мама!
Жап аузыңды!
- Тағы бір рет? - Иә.
Мама!
Шашы қандай әдемі, иә?
Мен Серік туралы сұрауға келдім. Оны сабаққа кіргізбеді.
Мен оны шығарып жібердім.
- Сіз бізді қабылдадыңыз ғой. - Енді шығардым.
Не үшін? Сіз бізді қабылдадыңыз ғой. Бәрі жақсы болды.
Түсінесіз бе,
ол басқа.
"Басқа" дегеніңіз қалай?
Қараңыз.
Біздің мектебіміз ұл балаларға арналған.
Ал мынандай бала маған керек емес.
Ақарыс, жұмысқа кірісеміз!
Кеттік.
Мама, сен мені қалдырмайсың ғой?
Жоқ әрине.
Кеттік.
Маған Болат Асановичпен сөйлесу керек.
Оның ұлы,
Серік,
оны туғаннан бері көрмеген.
Өмірінде бір-ақ рет оған көмектесуге уәде берген.
Сонымен, ол біздің осында келуге болатынын айтты да,
Серікті кадет училищесіне орналастырады деген.
Бүгін директор Серикті қабылдамайды деді.
Өйткені ол осы мектепке біртүрлі сай келмейтіндей.
- Кім айтты? - Директор.
Директор?
Тағы, Болат Асановичке ол нақұрыс деп айта салыңызшы.
Нақұрыс?
- Сен кіммен сөйлестің? - Ешкіммен.
Мен көрдім ғой сенің біреумен сөйлескеніңді. Ол саған не деді?
Мен ешкіммен сөйлескен жоқпын.
Кеттік.
Алина, бес минут күте тұрыңыз. Мен бос емеспін.
Ол терезенің алдында тұруды сондай жақсы көретін.
Мен оған қаншама рет айттым: "Тым жақын тұрма" деп.
Ол алды да, секірді.
Олар маған өзі секірді деп айтты.
Ол сенің ұлыңмен жасты болған.
Сіз анау баланың анасысыз ба?
Иә.
Сен білесің бе,
сенің ұлың менің ұлымның орнын алды.
Оның грантын.
Мен білмедім.
Қарашы.
Ол сурет салғанды жақсы көретін.
Әдемі ме?
Әдемі.
Алиночка, кіріңіз.
Тоқтай тұр.
Алып кет ұлыңды. Тезірек алып кет.
Менің ұлым сондай көңілді болатын.
- Тез болыңыз. Менің уақытым жоқ. - Ол өзі секіре алмады, түсінесің бе?
Алып кет.
Болат Асановичтен келгеніңізді неге бірден айтпадыңыз?
Құттықтаймын.
Сіздің ұлыңыз Қаратастың таңдаулы әскери мектебіне қабылданды.
Қолыңызды мұнда және мұнда қойыңыз.
- Қалам бересіз бе? - Иә.
Анау бала неге секірді?
Мен қайдан білейін.
Оның анасы ол көңілді болды деп айтты.
Ол сізге бұны айта алмады.
Ол айтты: "Мүмкін өзі шығар" деп, бірақ ұқсамайды.
- Ол сізге бұны айта алмады. - Неге?
Ол қайтыс болды.
Ұлы қайтыс болғаннан кейін бірден.
Ол егеуқұйрық уынан уланды.
Тоқтай тұрыңыз.
Бір қадам шетке шығыңызшы.
Пәлтенің түсі дұрыс.
Қысқартудың қажеті жоқ.
Мама, мектеп сондай үлкен!
Сен қайда жүрсің?
Менен алыс кетпе дедім ғой.
Бізді қабылдады.
Сен түсінесің бе, бұл өте беделді әрі жақсы мектеп екенін?
Аяғыңды жоғарырақ көтер! Оңға!
Тоқтат.
Мынау не өзі?
Полковник мырза, оның шашын кесуге болмайды.
Оның айхмофобиясы бар.
Ол не?
Өткір заттардан қорқу.
Өзіңіз түсінесіз ғой.
Болат Асановичтің ұлы.
- Қорқу дейсің бе? - Дәл солай.
Солай де.
Оңға!
Тоқтат.
Оңға!
Тоқтат.
Оңға!
Тоқтат.
Аяғыңды жоғарырақ көтер!
Оңға!
Тоқтат.
Оңға!
Тоқтат.
Сен не әйел сияқты қылық көрсетіп тұрсың? Еркексің бе өзің, кімсің?
Оңға!
Тоқтат.
Оңға!
Тоқтат.
Иекті жоғары көтер! Жоғарырақ!
Оңға!
Тоқтат.
Оңға!
Тоқтат.
Оңға!
Тоқтат.
Оңға!
Тоқтат.
Тоқтат.
Оңға!
Тоқтат.
Тез-тез қимылда.
Оңға!
Тоқтат.
Тоқтат.
Оңға!
Тоқтат.
Оңға!
Тоқтат.
Оңға!
Төменірек.
Астынан ұр.
Жарайсың.
Серік.
Сенің кезегің.
Ұр.
Тағы.
Тағы.
Тық!
Қаттырақ!
Түсінікті.
Айдар.
Қаттырақ көзіне ұр.
Көзіңе миллиметр қалғанда тоқтайсың.
Дайынсың ба?
Ұр.
Мен миллиметр дедім, километр емес. Тағы ұр.
Мама!
Не, Серік?
Өткір заттардан қорқуың ба?
Кім-білер-не-фобия ма?
Кез келген организм аман қалу үшін қарсыласуы керек.
Ал ол қарсыласқанда,
өзінің өмір сүруімен басқа организмдерді жояды.
Қарсыласу дегеніміз – өлтіру деген сөз.
Сендер жүргенде, тамақ ішкенде, су ішкенде немесе біреумен жатқанда,
сендердің жасушаларың басқа жасушаларды өлтіреді.
Қарсыласу дегеніміз – өлтіру деген сөз.
Өлтіру дегеніміз - соғыс.
Ал соғыс дегеніміз – табиғаттың ең жоғары көрінісі.
Мен өлтіремін,
демек мен өмір сүріп жатырмын.
Тез-тез!
Тезірек, Рапунцель!
Жүр! Бол!
Не тұрып қалдың, ең ақылдысың ба? Тұр да, тасы!
Тезірек!
Тұр, тасы!
Бол, тасы!
Тасы!
Ал да, тасы.
Жігіттер, тыныш.
Тыңдашы, неге сонша тырысып тұрсың? Босаңда.
Мамаң әдемі екен, мүмкін нөмірін берерсің?
Тоқтай тұр, әлі де мүмкіндік бар.
Сен неге сонша әдемісің?
Біздің аулада көрші қыз болған, саған қатты ұқсайды.
Сені кесейін бе?
Тыныш, бәрі жақсы болады.
Мен сенен сұрап тұрмын, кесейін бе?
Мен сенен сұрап тұрмын.
Не тұрсың? Тасы!
Тезірек бол, черт!
Бол!
Болды, апар.
Қазір.
Болды, жетеді.
Төртеуін атып тастаған, елестетші.
Айтуынша, олардың елестері әр он төрт жыл сайын осы жерде жүреді екен.
Шын ба?
Базара…
Рапунцель, тірісің бе әлі?
Жігіттер, күлкілі емес.
Былай істейік. Біз сені шығарамыз,
бірақ сен анық, дауыстап: "мен педикпін" деп айту керексің.
Кәне!
Мама!
Мама!
Мама!
Мама!
Ешбір тараптың айқын артықшылығы болмады.
Жертаса соғысы басталды.
Елде шұғыл мобилизация енгізілді.
Мұның барлығы, әрине, үлкен наразылыққа, бүліктерге әкелді.
Бірақ патша барлығына өзінің әлі де күшті екенін дәлелдегісі келді.
Сол себепті соғысты тоқтатпады.
Енді сұрақ: патшаның мағынасыз амбициясы үшін
қанша адам қаза тапты?
Балалар, сендер – болашақ әскери қызметшілерсіңдер.
Сендерді осы іске үйретіп жатыр.
Бірақ мен сендердің соғыстың өлім екенін ұмытпағандарыңды қалаймын.
Мен күлкілі бірдеңе айттым ба?
Жоқ.
Неге сен бүкіл сыныптың алдында күлдің?
Жай, түсім еске түсіп кетті.
Түс дейсің бе?
Қандай?
Сен тура осылай келіп сұрадың: "Сен неге бүкіл сыныптың алдында күлдің?"
Сосын мына стақан құлады.
Сосын…
Есікті қақты.
Мен саған: "Жоқ, керек емес. Барма," дедім.
Бірақ сен бәрібір бардың.
Сосын сен есікті аштың, ал сол жерде…
Есіктің артында…
Есіктің артында өте-өте қорқынышты бірдеңе тұрды.
Есікті ашпа. Ол кіреді. Керек емес.
Жақындама.
Мынау не?
- Мен өзім қасып тастадым. - Сені тағы біреу ұрда ма?
- Жоқ. - Кім бұны жасаған?
- Жоқ. - Не деп тұрсың?
Сені мұнда да ұра ма?
Неге сені үнемі барлық жерде ұрады?
Неге сені үнемі ұрады? Неге сен ешқашан айтпайсың?
Неге өзіңді қорғай алмайсың?
Противогазбен 30 рет отырып-тұру.
Менің сұрағым бар.
Мына ханымның ұлына кім тиіскен?
Үндемейсіңдер ме?
Жарайсыңдар.
Ешкімнің айтқысы келмейтін сияқты.
Децимация деген не екенін білесіңдер ме?
Бұл – римдік әскерлерді жазалау түрі.
Мен сендердің араларынан біреуіңді таңдаймын,
ол барлығың үшін жазаға тартылады.
Бір, екі, үш.
Сен.
Саптан шық.
Сен таңдаулысың. Сен барлығының кінәсін өз мойныңа аласың.
Шешің.
Сіз не мазақ қойылымын жасап жатырсыз?
Сіз жай ғана оны ұрған адамды жазалай алмайсыз ба?
Бұл ақымақтық қой. Бұл заңсыз ғой.
Мына ханым бізге заң туралы айтып тұр.
Генералдың жасырын қатыны, бұл жерге таныстықпен орналасқан.
Өзінің ұлын да осы жерге алып келді.
Ол бізге заң туралы айтып тұр.
Ал бізде бір ғана заң бар.
Рим империяның заңы!
Итті көрсет те, үр.
Кім істегенін айта аласың ба?
Ал енді барлығың бірге!
Кім істегенін айта аласың ба?
Топ, тыныш!
Сен бұны да істей алмайсың ба?
Сен бұл өмірде адам болмайсың.
Сен сорлысың.
Мен білмеймін, енді қалай? Егер оны барлық мектептерде ұрып-соғатын болса.
Мен қайта-қайта көше алмаймын ғой.
Мұнда бір тұратын жеріміз бен жұмысым бар.
Несиелерді төлеу керек.
Мүмкін, мен… Менің оны бағуға шамам жоқ.
Оның еркек емес сияқтылығынан қорқамын.
Біртүрлі дұрыс емес болып өсіп келеді.
Білмеймін, еркекке ұқсамай ма, қалай?
Қазір.
Неге жүгіріп жатырсыңдар?
Анау жерде кадетті өлтіріпті дейді.
Қалай? Не болды?
- Ешкімді кіргізбеңдер, ештеңеге тимеңдер. - Құп болады!
Қаладағы басқармаға қоңырау шал. Хабарлау керек. Және әскери милицияны шақыр.
Мұнда із қалдырмас үшін қалпақтар мен қолғаптарды дайындаңдар.
Құп болады, командир.
Тоқта.
- Мұнда не болды? - Қалай не?
- Кадет өзін-өзі өлтірді. - Серік?
Мен білмеймін, Серік пе, Серік емес пе. Болды, ештеңе айтпаймын.
Анау жерде Серік емес қой?
Мен білмеймін, Серік пе, Серік емес пе.
Ешкімді кігізбеуге бұйрық түсті. Қыдырып кел.
- Серік шықты ғой? - Мен көрмедім.
- Көрмедіңдер ме? - Көрмедік. Білмейміз.
Серік?!
Серік?!
…оқ-дәрі жәшіктерінің,
ротаның мүлкінің және сарбаздар
ротаның мүлкінің және сарбаздар
мен сержанттардың жеке заттарының сақталуына жауап береді.
Рота бойынша кезекші
рота бойынша кезекші офицерге бағынады.
рота бойынша кезекші офицерге бағынады.
Рота бойынша кезекші
сарбаздардан тағайындалып,
оның қарауында тұрған заттардың
сақталуына жауап береді.
Ұстай тұр.
Біз барлық деректерді жинаймыз, түсінесіңдер ме?
Қылмыс болған орынды мұқият зерттейміз.
Дәлелдерді, заттай дәлелдерді жинаймыз.
Қалай түсіндірсем болады? Біз тергеуші секілдіміз.
Шерлок Холмс сияқты. Шерлок Холмсты білесіңдер ме?
Жарайды, жігіттер, неге мен туралы ғана сөйлесіп тұрмыз?
Енді сендер туралы сөйлесейік.
Оқудан бос уақытта не істейсіңдер?
Қандай фильмдерді көресіңдер, қандай ойындарды ойнайсыңдар?
Қазір сендерге Айдар туралы сұрақтар қояды.
Мен өзім қоямын, жарай ма? Рақмет.
Жігіттер.
Жарайды, жігіттер, қандай музыканы тындайсыңдар?
Қайрат Нұртасты тыңдайсыңдар ма? Тыңдайсың ба?
Білмейсің бе? Сен Қайрат Нұртасты білмейсің бе, не?
Сендерге не болған?
Сұрақтарыңыз болады ма?
Жоқ, сұрақтарым жоқ. Үлкен рақмет, жігіттер. Көмектестіңдер.
Бара берсеңдер болады.
Темекі шешуге кеттіңдер ме?
Темекі шекпеңдер.
Спортпен шұғылданып жүрсің бе? Ал сен, бала, бір-екі ауыз сөзге қалшы.
Отыр.
Атың кім?
- Бұл Серік. Менің ұлым. - Серік пе?
Сіздің ұлыңыз ба?
Серік, қара.
Неге сіз онымен рұқсатсыз сөйлесіп тұрсыз?
Ханым, мен тек екі ауыз сөз айтайын.
- Сіз кімсіз, тергеушісіз бе? - Иә, басқармадан.
Неге сіз кәмелетке толмағандардың
ісі жөніндегі инспектордың қатысуысыз балаға
сұрақ қоюға құқығыңыз жоқ екенін білмейсіз?
Ханым, бұл тергеу емес. Балаға бірнеше сұрақ қоямын.
- Сіз басқармадансыз ба? - Иә.
Бастығыңыз кім? Мен де өз құқығымды білемін.
Мен қазір оған қоңырау шалып, сіздің мұнда не істеп жатқаныңызды айтып беремін.
- Кешіріңіз, есіміңіз кім болады? - Алина.
Алина, мынадай жағдай болып тұр. Қазір мұнда әскери полиция келеді.
Ұлыңызға айтыңыз, ол ештеңе көрмегенін,
ештеңе білмейтінін және сол дәретханада мүлдем болмағанын айтсын.
Неге сіз ол дәретханада болды деп ойлап тұрсыз?
Сіз кителін қараңыз. Оң жағында қаны бар.
Сен сол жерде болдың ба?
Бес минутқа.
Маған төрт те жетеді.
Кеттік. Серік пе? Кеттік.
Кеттік, екі ауыз сөзге, бауырым.
Диктофонсыз болады ма?
Бәрі жақсы болады. Кеттік. Кішкене сөйлесіп алайық.
Насвай атасың ба?
Былай кішкене.
Қара. Қазір біз сенімен тергеу экспериментін өткіземіз.
Сен маған көмектесесің, жарай ма?
Мынау пышақты былай ұстады.
Ал бірінші соққыны ол қай жерге жасады?
Мына жерге ме, әлде мына жерге ме? Сен көрдің бе?
Әрине, сен көрген жоқсын. Сен сол сәтте көзіңді жұмып алдың.
Сен осында тұрдың да, ештеңе көрген жоқсың, солай ма?
Ол өзін-өзі былай ұрды, былай ұрды.
Сосын, қара.
Ол кафельге соғылып, құлады.
Солай ма?
Солай болды-ау.
Бірдеңе ойнайсың ба? Атылыс, көлік айдап.
PlayStation.
PlayStation ойнайсың ба? Қандай ойындар?
Ойнадым.
Тимур аға не қойды, соны ойнадым.
Өгей әкең ғой?
Жігіті.
Маманың жігіті ма?
Түсінікті.
Мен де әкесіз өстім ғой.
Мама түрлі жігіттерді үйге әкелетін.
Біреуі болған.
Оңбаған.
Мені қатты ұратын.
Сені өгей әкең ұрды ма?
Мені ұрған.
Сен оны өлтірдің бе?
Жоқ, ол не дегенің? Мен кішкентай болдым ғой.
Қалай? Күшім жетпейтін еді. Сосын мен өстім, бәрі ұмытылды.
Ер адам өзін қорғауы керек.
Ер адам дегеніміз – шешім қабылдай алатын адам.
Дұрыс шешімдерді.
Қазір мен сенің еркекше әрекет етіп,
шешім қабылдағаныңды және маған жауап бергеніңді қалаймын.
Серік.
Сен
мұнда не болғанын
көрдің бе?
Маке, бізде осындай жағдай болып тұр. Тергеуші келді, басқармадан.
- Қалай? - Рахымжанов.
- Рахымжанов. - Біржан Рахымжанов.
Біржан.
Бізде тергеуді азаматтық емес, әскери милиция жүргізеді ғой.
Иә?
Біржан Рахымжанов, басқармадан.
Не дейсіз?
Түсіндім.
Құп болады.
- Баруға рұқсат па? - Барыңыз.
Ал бала не деді?
Ештеңе айтқан жоқ. Ештеңе білмейді, ештеңе көрмеді.
Бара беріңіз.
Полковник мырза, қазір милиция емес, полиция.
Милиция басқа мемлекетте болған. Ол қазір жоқ.
ЕКІНШІ ЕРЕЖЕ – ҚАРАСТЫРЫП ЖАТҚАН ӘРБІР ҚИЫНДЫҚТЫ
МҮМКІНДІГІНШЕ КӨП БӨЛІКТЕРГЕ БӨЛІП ҚАРАСТЫРУ ҚАЖЕТ.
Серік?
Сен дәрумендеріңді ішіп алдың ба?
Сынып қалды.
Бола берсін.
Білмеймін, неге егеуқұйрықтар мұнда сонша қаптап кетті.
Қаратаста олар миллиондап жүр.
Білесіз бе, міне.
Мынау жақсы.
Екі қасық адамды өлтіреді, біреуі - егеуқұйрықты.
Тек балалардың қолы жетпейтін жерлерде сақтаңыз.
Сіздің балаларыңыз бар ғой?
Иә, бірақ ол ер жеткен. Уайымдамаңыз.
Күйеуіңіз ше?
Күйеуім бар.
Өтірік айтасың.
Күйеуің жоқ.
Сіз біттіңіз бе?
Сау болыңыз.
Қара, сен қазір есікті жабасың да, маған қарап отырасың,
ал мен өзімді өзім уқалаймын.
Өтінемін, кетіңізші. Мұнда бала жүр.
Қалай "кетші"? Саған қиын ба, не?
Өтінемін, кетіңізші. Мұнда…
Мұнда бала жүр.
Мен тарақандарды да улай аламын.
Мен тарақандарды да улай аламын.
Мен тарақандарды да улай аламын.
Мұнда кім болды?
Сен кіммен сөйлестің?
Неге жағаң кір?
Неге үндемейсің? Бар, жу.
Сенің ер адамдармен өзіңді ұстауың дұрыс емес.
Дұрыс емес деген қалай?
Сен оларды өзіңе тартасың.
Мен оны не үшін істеймін?
Екеуіміз де сен бұны не үшін жасап жатқаныңды білеміз.
Сен есіңнен ауыстың ба? Сен шешеңмен қалай сөйлесесің?!
Сен шешеңмен қалай сөйлесесің?!
Сені кім үйретті?!
Өтінемін, сұраймын сіздең, қойыңызшы!
Аты-жөнің?!
Өтінемін, мен бәрін айтамын!
Атып тастаңдар!
Бұл қалжың ғой.
Сенің нең дұрыс емес?
Не?
Сен бұны не үшін істеп жүрсің?
Сен оларды не үшін қинап жүрсің?
Сенің нең дұрыс емес?
Менің жай өлтіргім келіп жүр.
Ауырады ма?
Оны ешкім ұрған жоқ.
Ол күні бойы менімен болған.
Қалай сонда?
Мен оны істеді деп ойлайсыз ба?
Мен жақсы анамын, мен солай істей алмаймын.
Біз үйде болдық.
Мен оның алдында оны жудым, ештеңе көгерген жоқ, сурет болған жоқ.
Сосын ол ойнап отырды, мен жақындадым да, күрткесін шештім.
Ал сол жері көгерген, біреу сурет салғандай.
Демек, үйде пайда болды.
Бірақ үйде ешкім болған жоқ.
Әлде…
Демек үйде…
Демек оны
біреу іштен қинап жатыр.
Сіз бір жолды өткізіп жібердіңіз.
Ол өзгеріп кетті.
Өлген құстарды әкелді.
Жалпы біртүрлі болып жүр.
Сонымен, бұл ең қарапайым психологиялық тест. Оның атауы – Сонди тесті.
Міне, алдыңда бірнеше бет бейнелер бар.
Өзіңе ең жағымсыз болып көрінген жүзді таңдашы.
Түсінікті. Маған бәрі түсінікті.
Кешіріңіз, сізге бір сұрақ қойсам болады ма?
Маған осы сұраққа барынша шынайы, ойлы және адал жауап беріңізші.
Жауап беруге асықпаңыз.
Мұқият ойланып алыңыз.
Дайынсыз ба?
Сіз ұлыңызды жақсы көресіз бе?
Жауап беруге асықпаңыз.
Мұқият ойланыңыз. Он секунд беремін.
Сонымен, мен сұрағымды қайталаймын. Сіз ұлыңызды жақсы көресіз бе?
Иә.
Сіз ұлыңызды жақсы көресіз бе?
Сіз ұлыңызды жақсы көресіз бе?
Сіз ұлыңызды жақсы көресіз бе?
Сіз ұлыңызды жақсы көресіз бе?
Сіз…
Сіз ұлыңызды жақсы көресіз бе?
Маған құжаттарды алу керек. Менің Серікті мектептен шығарып алғым келеді.
Бұл жер оған арналмаған сияқты.
Ол мүмкін емес.
Ол жылдың соңына дейін оқу керек.
Сонда мен ана ретінде өз баламды алып кете алмаймын ба?
Алиночка, бұл не қылық?
Бірде Серігіңізді бұл жерге таныстықпен орналастырасыз,
енді оны алып кеткіңіз келіп тұр.
Әскери мектеп оқушыларының Қаратастың аумағынан шығуға құқығы жоқ.
Менің жұмыстан кетуімді қалайсыз ба?
Серік біртүрлі болып кетті.
Ол қатыгез әрі бағынбайтын болып кетті.
Ол үйге өлген құстарды әкелді.
Өлген құстарды ма?
Айтыңызшы, оны мектепте бұрын ұрды ма?
Ұрды.
Ал қазір ше?
Қазір ұрмайды.
Көріп тұрсыз ба?
Ол ер жетіп келеді.
Мен түсінбей тұрмын.
Сіз әйелсіз.
Ер адамдарды түсіну сіздің міндетіңіз емес.
Сіз білесіз бе, қазіргі заманда ер адамды әйелге айналдыруға тырысады.
Бірақ олар әрбір ер адамның ішінде күшті өлтіру инстинкті бар екенін түсінбейді.
Бұл – қалыпты нәрсе.
Мен сізге көмектесе аламын.
Жарты жылдан кейін Серікті сіз қалаған жерге ауыстырып беремін.
Бірақ жарты жылдан кейін мен оны нақты алып кете аламын ба?
Мүмкін, жарты жылдан кейін осы жер оған ұнап қалар?
Жақсы, рақмет.
Мен одан нағыз жауынгер жасаймын.
Ол сол әлсіздерді өлтіретін болады.
Кімді өлтіретін болады?
Әлсіздерді.
Қандай әлсіздерді?
Әлсіздерді дедім ғой.
Анау.
Әлсіздерді.
- Полковник мырза? - Иә?
- М16 ше? - Шірік.
Тек су немесе құм түссе болды, бәрі бітті. Бірден атпай қалады.
Көпшілігі сыртта. Жалпы, олар соғысуды білмейді.
Америкалықтар мақтайды ғой.
Олар соғысады, білесің бе, анау сияқты…
Біздікілерге жетесің де, окопқа кіріп, сиесің, бәрі дұрыс болады.
Не болды?
Не болып жатыр?
Бәке, қой!
Бәке, тыныштал!
Қойсайшы, Бәке!
Не болып жатыр?!
ҮШІНШІ ЕРЕЖЕ – ОЙДЫ РЕТІМЕН ҚҰРУ ҚАЖЕТ, ҚАРАПАЙЫМ НӘРСЕЛЕРДЕН БАСТАП.
Қаратастағы әскери мектепте өлтірілген кадеттер туралы аңыз.
Расталмаған, бірақ осындай әңгімелер бар.
38-ші жылы онда 12 мен 15 жас аралығындағы төрт кадетті өлтірген дейді.
Болжам бойынша, сол кезден бастап олардың жандары бір кадетке қонады екен.
Сөйтіп, ол кадетке адам өлтіруге мәжбүрлейді.
Бұл әр 14 жыл сайын қайталанады деген сөз бар.
Мысалы, соңғы қатыгез кісі өлтіруі 1996 жылы болған
(оқушы өз әкесі мен анасын өлтіріп, кейін өзін өлтірген).
Сол кезде Шешенстандағы оқиғалар болып жатты.
14 жылдан кейін, 2008 жылы, тағы бір оқушы өзін-өзі өлтіріп,
анасын және екі сыныптасын атып өлтірді.
Бұл оқиғалармен қатар Грузияда оқиғалар болды.
Ендігі оқиғалар осы алгоритмге сәйкес, 14 жылдан кейін, яғни 2022 жылы болуы керек.
Әскери мектепте жаңа құрбандарды күтеміз.
Қайталаймын, бұл тек өсектер мен аңыздар ғана.
Мама, мен артымнан су жібердім, шын айтам.
Нергал — аккад мифологиясындағы астралдық және хтоникалық құдай.
Соғыс, оба, жойылу және өлім құдайы.
Марс планетасының бейнесі ретінде қарастырылады.
Тозақтың әміршісі.
Оккультизм бізді қоршап тұр. Нергал секталары әлемнің түкпір-түкпірінде бар.
Олар соғыс пен жойылуға табынушылар.
Мен сұрақтарды қоямын, нақты әрі түсінікті жауап береміз, жарай ма?
Қаратас ауылындағы таңғаларлық өлімдер…
Қаратас ауылындағы таңғаларлық өлімдер тізбегіне қарамастан,
ал бұл үш суицид оқиғасы…
Жоқ, екі суицид пен бір сәтсіз оқиға.
Толығырақ айтып бере аласыз ба?
Екі суицид пен бір сәтсіз оқиға.
Сәтсіз оқиға туралы.
Соңғы суицид туралы айтайын.
Дене шынықтыру мұғалімі өз-өзіне қол жұмсады.
Оның өте ауыр ажырасуы болды. Әйелі оған опасыздық жасаған.
Кеткен болатын. Мен оны қатты әшкерелеп қойдым ғой деймін.
Сені кесіп алып тастайды.
Ал енді сіз, тарих пәнінің мұғалімі, пікіріңізді айтыңызшы.
Мұнда тұрғаныңыз қалай? Қаратастың әскери мектебі жақсы ма?
- Иә. - Қаратаста керемет!
Керемет дейді.
Жарайды, тағы да түсіре саламыз. Ештеңе етпейді.
Жарайды.
Тыныш.
Құрметті көрермендер, Қаратас ауылындағы таңғаларлық өлімдер тізбегіне қарамастан,
жергілікті әскери мектеп елдегі ең үздіктердің бірі болып қала береді.
Әлемдегі ең үздік мектеп.
Және ол Кеңес Одағындағы ең үздік офицерлерді дайындайды.
Иә, сіздердің жиналыстарыңыз қызық өтеді екен.
Сонымен? Серік туралы жаңалықтар бар ма? Айтты ма бірдеңе?
- Қолыңызды көрсетіңіз. - Не?
Қолыңызды көрсетіңіз.
Жеңіңізді…
Не бұл?
Түсінбедім. Іш-киімімді де көрсетейін бе?
Алина, сіз түсініңіз, мен мұнда ойнауға келген жоқпын.
Мен мұнда жұмыс істеуге келдім.
Сіз ойламаңыз, мен полиция қызметкері болғаныммен,
бізде солай қалыптасқан деп.
Жоқ.
Бәрі бір-бірімен келісіп алған.
Бәрі бір-бірімен келісіп алған.
Олар бір шайтанға табынады.
Мен интернеттен қарадым.
Олар әр он төрт жыл сайын біреуді өлтіреді екен, бұны бәрі біледі.
Және мен белгіні көрдім.
Директордың кабинетінде дәл сондай белгі бар.
Олардың бәрінде белгі бар. Қараңыз. Қолдарына қараңыздар.
Дәл қазір қараңыз.
Олардың бәрінде белгі бар, көрдіңіз бе?
Олар Серікке ықпал етіп отыр, оны адамдарды өлтіруге мәжбүрлейді.
Директор бәрін біледі, түсінесіздер ме?
Оларды біреу жоғарыдан басқарып отыр, бәрін біреу басқарады.
Тоқтаңыз, мен бәрін дұрыс түсіндім бе?
Мұғалімдер құрамы сөз байласып, қылмыстық әрекеттермен айналысады.
Біреулер сырттан оларды қорғап, мүмкін тіпті ақша беріп отыр.
Ал бұның барлығына көз жұма қарайды, солай ма? Солай.
Бұл, Алина, система деп аталады.
Бізде бүкіл ел осылай жұмыс істейді, түсінесіз бе?
Мен сізге былай айтайын, жақында олардың басшысы осында келеді.
Мүйізді, тұяқты біреу. Маған WhatsApp-қа жазып жіберіңіз,
біз ұстау тобымен оны зиянсыздандырамыз.
Менде видео бар. Мұнда тұрыңыз.
Шаршатты, бар ғой.
Директордің кабинетінде түсірдім.
Беріңізші.
Серікке қараңыз.
Гипноз ба, не?
Ал…
Менде бір теория бар. Оны тексеруім керек.
Ол үшін сіздің ұлыңызбен сөйлесу қажет, бірақ әдеттен тыс жағдайда.
Келісесіз бе?
Сонымен, Серік. Мен кішкене дайындалып келдім.
Пентаграммалар.
Бұл жай ғана,
сақтық үшін.
Майшамдарды өзің көріп тұрсың, су.
Тағы қасиетті су бар.
Видео мен үшін. Тергеу эксперименті, жарай ма?
Сен қарсы емессің ғой?
Тағы не? Міне, ультракүлгін бар.
Бастаймыз ба?
Қазір былай істейміз.
Қазір мен үшке дейін санаймын.
Сенің ішінде отырған адаммен сөйлескім келіп тұр.
Жарай ма? Болды.
Ең бастысы, сабыр сақта. Дайынсың ба?
Ал, бір.
Екі.
Үш.
Мен кіммен сөйлесіп тұрмын?
Сен Серіксің бе?
Жоқ.
Серік емес екеніңді дәлелде.
Маған көз жеткізу керек.
Майшамды сөндірші.
Бұны кез келген адам істей алады.
Ал сендер өздерінің күштеріңмен жасаңдар.
Біз істей алмаймыз.
Солай ма? Не істей аласыңдар сонда?
Тыңда, Серік.
Бұл мазақты тоқтат.
Оның орнына, анау екеуіне не болды, соны маған дұрыстап түсіндірші.
Нурсаитова Анжела, 9 жас.
Суға батырып жіберген.
Саған бұны кім айтты?
Біз сен туралы бәрін білеміз.
Оны ешкім суға батырып жіберген жоқ.
- Ол өзі батып кетті. - Сен оны бұйрық бойынша істедің.
- Мен кімммен сөйлесіп тұрмын? - Мақсат Жикенов.
Сен, Мақсат, қай жылғы боласың?
1925.
- Ал қашан қайтыс болдың? - 1938.
Ал Серіктің ішінде жалпы қанша тұлға бар?
Төртеу.
- Қалай қайтыс болдыңдар? - Бізді жертөледе атып тастады.
Кадеттік корпуста ғой?
Иә.
Тағы қанша адамды Серік өлтіру керек?
Көп.
Ал өлтірмесе ше?
Ол не өлтіріп жалғастырады, не біз оны өлтіреміз.
Ол не өлтіріп жалғастырады, не біз оны өлтіреміз.
Ол не өлтіріп жалғастырады, не біз оны өлтіреміз.
Болды-болды. Мен түсіндім.
Тағы бірдеңе?
Дәлізде, қораптың үстінде қайшы тұр. Оны ал да, мамамды өлтір.
Сізге де бірнеше сұрағым бар.
Айтыңызшы, сіздің әулетіңізде
психикалық аурулар, шизофрения ешкімде болған жоқ па?
Жоқ, болған жоқ.
Алкоголиктер, нашақорлар болған шығар, мүмкін?
Қатты кеткен біреулер. Әлде сіз білмейсіз бе?
- Болған жоқ. - Жарайды онда.
Серіктің әкесінде ше?
Айта беріңіз. Әкесі Болат Асанович екендігін білемін.
Ол туралы да көп білемін, жас қыздарды ұнататынын.
Мен бәрін білемін.
Әкесінің не қатысы бар?
Алина, менің сізге көмектескім келіп тұр, түсінесіз бе? Көмектескім!
Егер оның әкесі садист әрі зорлаушы болса,
бұл балаға ген арқылы берілуі мүмкін, түсінесіз бе?
Жалпы, сіздің Болат Асановичпен қарым-қатынасыңыз қандай?
Оның тарапынан ешқандай зорлық-зомбылық әрекеттері болған жоқ па?
Сіз мазақтап тұрсыз ба?
Мен жұмысымды атқарып жатырмын.
Біртүрлі екенін көріп тұрсыз ғой.
Кішкентай бала түрлі дауыстармен сөйлей алмайды. Өзіңіз естідіңіз ғой.
Қызым-ау.
Мен де дауысымды өзгерте аламын.
Сіздің ұлыңыз әртіс.
Қысқасы, Алина, ол өтірік айтып тұр.
Тыртықты де өзі ойлап тапты ма?
Тыртықпен әлі шешкен жоқпын.
Ал мына бүкіл қойылымды өзім ойлап таптым. Су краннан алынған.
Суреттердің бәрін мен таңертең салдым. Түсінесіз бе?
Елестер, жындар деген жоқ, түсінесіз бе?
Мен ондайға сенбеймін.
Мен қылмыстық процестік кодекс пен өз көзіме ғана сенемін.
Өтінемін.
Біртүрлі нәрселердің болып жатқанын көріп тұрсыз ғой.
Өтінемін!
Бірақ өзім болып…
Өтінемін.
Жарайды, сіз жыламаңыз.
Оны қалаға апарып, маманға көрсету керек.
Сіз жиналыңыз, мен сізді қалаға апарамын.
Қойыңыз, болды.
Аш.
Сонымен?
Қай бап бойынша айыпталайын деп жатырсың?
Біз дұрыс түсінетін адамдармыз ғой.
Былай істейік. Сен қазір кетесің де, ешқашан қайтпайсың.
Жарайды ма?
Жап.
Айда.
Өткізіңдер милиция қызметкерін.
Кешір, полиция.
Мынаған қараңдар.
Анасының жылауғынан, ол жылдың ең үздік оқушысына айналды.
Құттықтаймын.
Жарайсың!
Әлі талай биіктерге жетесің! Сапқа тұр.
Орындарыңда адымдап жүр!
Тоқта! Бір, екі.
Біздің кетуіміз керек.
Серік адамдарды өлтіріп жүр.
Өлтіреді болғанда, өзі емес. Олар өздерін өлтіреді.
Бірақ ол ылғи қасында.
Ол өзі екі бала мен дене шынықтыру мұғалімін өлтірді деп айтты.
Сен бізді жібермейсің бе?
Мен осында айғай көтеремін!
Мен сіздердің мұнда қандай ақшаларды жымқырып жатқандарыңызды білемін.
Бәріне сен Серіктің әкесі екеніңді айтып беремін.
Қалай Серіктің әкесі болғаныңды бәріне айтып беремін.
Не істегеніңді бәріне айтамын.
Мен саған сондай қиындықтарды туындаймын.
Ал, айт бер.
Қазір соғамын. Бұны қалап тұрсың ба?
Дәл қазір соғамын.
Қаламайсың ба?
Бар, есалаң, ұйықтап ал.
Бар.
Серік, дәруменіңді ішіп ал.
Неге қайталап айтуым керек?
Оны сегізден тоғызға дейін ішу керектігін білесің ғой.
Иә! Ура! Мен деңгейден өттім!
Рекорд қойдым!
Дұрыс емес дәрумендер.
Мен сізге бір нәрсе көрсетейін дегенмін.
Мен сіздің балаңызды анау жолы фото мен видеоға түсірдім ғой.
Ультракүлгін болған кезде.
Мен кадрларды қайта қарап шықтым.
Қысқасы, міне.
Онда сіздің балаңыздың ішінде не бар екенін көрсетуі мүмкін деп жазылған.
Мен сізге бірден айтайын, мен бұндайға сенбеймін.
Бұл оның кескіні ме?
Сондай сияқты.
Техника қателесуі мүмкін, Алина.
Физика заңдары бар, оларды ешкім жойған жоқ. Жарықтың сынуы, түсінесіз ғой?
Мынау оның ішіңде ме?
Солай деп жазады.
Алина.
Мүмкін қателік болған шығар. Сурет шықпады.
Қазір уайымдаудың қажеті жоқ.
Тағы бір рет қайталаймын, уайымдаудың қажеті жоқ.
Алина, сабыр сақтаңыз. Не болды сонша?
Алина, маған қарашы.
Тынышталшы. Не болды?!
Алина?
Тыныш деймін!
Сабыр етіңіз. Мені тыңдаңыз, бәрі жақсы.
Алина, біз былай істейік.
Сабыр сақтайық та, Декарт бойынша істейік.
Бәріне күмәнмен қарайық.
Кері жолдан бастайық.
Сіздің балаңыздың ішінде шынымен
бірдеңе бар дейік.
Төрт кадет. Оларды өлтірді.
Оларды өлтірсе, демек сүйектері де бар.
Сүйектері қай жерде? Мектептің жертөлесінде.
Ол солай деді ғой.
Мектепке барып келеміз.
Менің апа маған айтатын: "Кости нужно предать земле."
Жерлеу керек.
Жерлейміз, сосын мен бұл мектепті жабамын!
Сенесіз бе маған? Тынышталыңыз, Алина. Не үшін? Қойыңыз.
Жиналыңыз.
ТӨРТІНШІ ЕРЕЖЕ – ЕШТЕҢЕНІ НАЗАРДАН ТЫС ҚАЛДЫРМАУ ҮШІН ТІЗІМДЕР МЕН ШОЛУЛАР ЖАСАУ.
Барлығын тінтіп шықтым. Ешқандай сүйектер жоқ.
Мұнда ештеңе жоқ.
Тек іргетастың астында болмаса ғана.
Енді не, ғимаратты бұзамыз ба?
Тағы бір жол бар.
Салт жорасы.
Қасқырдың сағатында,
сағат түнгі үште,
майшамды жағып, дұға оқу керек.
Егер майшам сөнсе, бұл рухтардың тынышталғанын білдіреді.
Онда олар бізге сүйектерді қайдан іздеу керектігін көрсетеді.
Сосын құлаққа арнайы оқылған шамдарды қою керек,
әйтпесе жындар бірдеңе сыбырлап қоюы мүмкін.
Алина, мен сізге тағы да қайталаймын.
Мен бұған сенбеймін.
Былай ма?
Елестер кестемен жұмыс істей ме? Үште шығады ма?
Бұның бәрі қайдан пайда болды?
Қалай?
Жамандық, ол қайдан пайда болады?
Мүмкін, менен шығар?
Мүмкін, менің кесірімнен ол Серіктің ішінде?
Мүмкін, мен оны жақсы көрмегендігімнен шығар?
Білмеймін, маған бұны үйреткен жоқ.
Мені де солай ешқашан ешкім жақсы көрмеген.
Шынымды айтсам, ешқашан ешкімді жақсы көрген жоқпын.
Бірақ бұл қалыпты нәрсе.
Менің ойымша жамандық…
Әлемдегі жамандық – ол норма.
Бірақ бұндай жамандық…
Ол не үшін керек?
Ол қайдан пайда болады?
Әкемді мен кішкентай болғанда өлтірген.
Менің көзімнің алдында.
Мен кішкентай болғанмын, бес жаста.
Көрші мас болып қуды.
Бұрауышпен мойнына.
Мен сондықтан полицияға бардым ғой, мотивтерді түсіну үшін.
Түсінбедім.
Кейде жұмыстан кейін үйге келіп, ұйықтаймын деп жатамын,
көзімді жұмсам, көремін…
Өлген нәрестені көремін.
Бір студент қыз бар.
кім көрінгенімен жүріп,
баланы көтеріп, сосын оны қоқысқа тастап кетіпті.
Өлген баспанасыз адамдарды көремін.
Жылылық өтетін жолда.
Біз оны былай көтереміз.
Ол былай атылады.
Отбасылық тирандарды.
Бір еркек әйелін өлтірді.
Сосын саусағын кесіп тастаған.
Балалары бәрін көрген.
Көршіні де көремін.
Менің әкемді өлтірген.
Сосын көзімді ашып қалсам, олар жоқ.
Ал жамандық бар.
Осымен қалай өмір сүруге болады?
Білмеймін.
Көзімді азырақ жұмып жүруге тырысамын, көмектеседі.
Мен көбіне жақсылық
қайдан пайда болады деп ойланамын.
Жамандықпен түсінікті, жамандық әр жерде бар.
Жақсылық өзі қайдан пайда болады?
Мен Анжела Нураситовамын.
Мені суға батырып жіберген.
Ал сен істі жауып тастадың.
Саған жоғарыдан бұйрық берді.
Саған тозақта жану жазылған, тергеуші.
Әрине.
Бұл елес.
Бұл жай ғана елес.
Сен елес болсаң…
Айтшы бірдеңе.
Мен білмейтінімді.
Boney M. солистінің атың айтшы?
Білмейсің бе?
Мен қуып жатырмын.
Мен қуып жатырмын.
Серіктің астында қара.
Анам салған сурет – бұл соғыс құдайы Нергалдан қорғаныс.
Мұнда барлығы оған табынады.
Бұл өте қорқынышты жер, кетейікші мына жерден.
Тұршы.
Алина.
Алина.
Айтшы маған.
Сен бас сүйекті көріп тұрсың ба?
Алина, өтінемін, қарашы. Сен бас сүйекті көріп тұрсың ба?
Мен де бас сүйекті көріп тұрмын.
Біз екеуміз де бас сүйекті көріп тұрмыз, сондықтан бұл бас сүйек шығар, дұрыс па?
Түсін, көзіміз бізді алдауы мүмкін.
Естуіміз де бізді алдауы мүмкін.
Біз бас сүйекті зерттеуге жібереміз де,
сосын бәрі шешіледі, түсінесің бе?
Біз мына мектепті жабамыз.
Ең бастысы - осы жерден шығу.
Қазір біз осы жерден шығамыз, Алина, түсінесің бе?
Менің атым Біржан Рахымжанов.
Жазба жасалған сәтте, бүгін 2022 жылдың 21 ақпаны.
Бізге шығу керек, Алина.
Бала, мамаңның артында жүр.
Біз қазір мына жерден кетеміз.
Маған жақын тұрыңдар, жарай ма?
Маған жақын тұрыңдар.
Сендердің көрегеңдерінің бәрі алдау болуы мүмкін.
Бұл кез келген нәрсе болуы мүмкін: газдар, гипноз.
Мен ондайды көргенмін, ондай мүмкін.
Жай ғана… Түсінесің бе?
Маған жақын тұрыңдар, жарай ма?
Декарттің төрт ережесі. Біріншісі.
Өзің шын деп қабылдайтын нәрседен ғана,
ештеңені ақиқат ретінде қабылдама.
Екінші ереже.
Көмектесу үшін әрі жағдайды тезірек шеші үшін,
жағдайды керек санды бөліктерге бөл.
Декарттың үшінші ережесі.
Аздан, түсінетін нәрсеңнен баста. Бұл көмектеседі.
Және соңғысы.
Жағдайға жан-жақты қара.
Ештеңені назардан тыс қалдырмау үшін. Барлығын түсіну үшін.
Ештеңені ұмытып қалдырмас үшін.
Сен бұның бәрі рухтар деп ойладың. Жоқ.
Менің өзімнің өлтіргім келеді.
Мен саған не істедім?
Сен менен ұялдың.
Денемен!
Сен мені қыз деп атадың.
Тағы да!
Сен мені жақсы көрген жоқсың.
Тағы да!
Мен сені жақсы көрдім ғой.
Қоясалшы.
Жақсы көрдім ғой сені. Қоясалшы, ұлым.
Өзің айттың ғой: "Қыз болма, еркек бол" деп.
Міне, қара, мен еркек болдым.
Мен өлтіремін!
Мен әскери мектептің үздік оқушысымын.
Енді сен менімен мақтанасың ба?
Жоқ? Сен бәрібір мені жақсы көрмейсің.
Сенің әкең мені зорлады.
Сосын сен өмірге келдің.
Ал мен сонда жақсы көруім керек пе?
Мен қалай жақсы көретінін білмеймін.
Қазір сен мені жақсы көресің бе?
Әрине жақсы көремін.
Мен сені қатты жақсы көремін.
Кешірші мені.
Анашым, бізге бұл әлемде аман қалу мүмкін емес.
Бұл әлемде өлтіру керек.
Түсінесің бе?
Кешір мені.
- Сен енді өлтірмейсің ғой? - Өлтіремін.
Енді өлтірудің қажеті жоқ.
Бар.
Мен сені қатты жақсы көремін.
Мен сені ешқашан қалдырмаймын, естіп тұрсың ба?
Мен сені қатты жақсы көремін.
Оқиға салдарынан, анасы өзіне қол жұмсамас бұрын, өз баласын өлтірген.
Мәйіттерді қаладан келген тергеуші, Біржан Рахымжанов, тапты.
Сәтсіз оқиға нәтижесінде, ол өзіне қызметтік қарудан оқ атқан.
Бос оқпен.
- Бос оқпен өзіне… - Байқаусыздан.
Байқаусыздан қызметтік қарудан атқан. Солай ма?
Иә, бірақ көрсеткен ерлігі мен батылдығы үшін біздің марапаттағымыз…
Әскери училище марапаттауды ұсынады.
Ал жерлеу орындарымен не істейміз?
Ғимараттың жертөлесінде Кеңес
дәуірінде атылған адамдардың мәйіттері әлі де сақталған деген әңгімелер бар.
Кеңес Одағында ешкімді атқан жоқ.
Кеңес Одағы - керемет мемлекет болатын.
Қане, аяқтайық.
Маған жаңа кадеттер келді. Маған әскерилерді тәрбиелеу керек.
Can't find what you're looking for?
Get subtitles in any language from opensubtitles.com, and translate them here.